Меню

Страницы

Статья

«БЖЗҚ» АҚ-ның 2024 жылғы негізгі көрсеткіштері тұрақты өсімге ие

«БЖЗҚ» АҚ-ның 2024 жылғы негізгі көрсеткіштері тұрақты өсімге ие

           2024 жылы «БЖЗҚ» АҚ-ның (БЖЗҚ, Қор) негізгі көрсеткіштері барлық бағыттар бойынша оң нәтиже берді.

           Отандастарымыздың шоттарына түсетін жарналардан және инвестициялық кірістерден жинақталған зейнетақы жинақтарының көлемі 01.01.2025 жылға шамамен 22,80 трлн теңгеге жетті. Жыл ішінде 4,93 трлн теңгеге немесе 27,6% артты.

           Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтары 2025 жылғы 1 қаңтарға - шамамен 21,88 трлн теңге, бір жылда 26,5% ұлғайды.

           Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы - шамамен 653,77 млрд теңге, жыл ішінде 15% өсім көрсетті.

           Бір жылдағы ең үлкен өсімді (50,3%), 2024 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 7,94 млрд теңге көлеміне жеткен ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар паш етті. 

           2024 жыл ішінде салымшылардың (алушылардың) зейнетақы шоттарына қосымша қаражат – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) түсіп отырды. 2024 жылы ЖМЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының сомасы 258,15 млрд теңгеден асты.

           Түсімдер

           Зейнетақы жинақтарының көлемі зейнетақы жарналары мен инвестициялық кіріс түріндегі кіріс ағындары есебінен ұлғаяды. Бұл ретте салымшылардың жеке және шартты шоттарына есепті жыл ішінде түскен зейнетақы жарналарының мөлшері 2,79 трлн теңгеге жуық. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 29 % артық. Жарналардың барлық түрлері оң сипатқа ие: МЗЖ есепке алынатын жеке зейнетақы шоттарына (ЖЗШ) жыл бойына 2,44 трлн аса теңге түсті (2023 жылмен салыстырғанда МЗЖ көлемі 18,3% артты), МКЗЖ есепке алынатын ЖЗШ-ға 113,6 млрд теңге (өсім 18,9%), ЕЗЖ бойынша жылдық жарна мөлшері – 3,07 млрд теңге (өсім 32,50%) жиналды. ЖМЗЖ көлемі – шамамен 231,24 млрд теңге.

            2024 жылға есептелген инвестициялық кіріс шамамен 3,4 трлн теңге болды. Оның көлемі өткен жылмен салыстырғанда 1,79 трлн-нан аса теңгеге немесе 114,5% өсті. 

            Төлемдер мен аударымдар

            2024 жыл ішінде БЖЗҚ-дан жарналардың барлық түрлері бойынша жасалған төлемдер мен сақтандыру ұйымдарына аударымдар түріндегі шығыс ағындары 1,32 трлн теңгеден асты. Бұл былтырғы жылдағы төлемдер көлемінен 2,24 есе (немесе шамамен 732,56 млрд теңгеге) көп.

            Төлемдердің басым бөлігі тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдерінің (БЗТ) еншісінде – шамамен 609,89 млрд теңге. Баламалы мақсаттарға берілген төлемдер көлемі 2023 жылмен салыстырғанда 2 еседен аса мөлшерге ұлғайды.

            Зейнет жасына толуына байланысты төлемдер жыл бойына 35,64% ұлғайып, шамамен 204,22 млрд теңгеге жетті. БЖЗҚ-дан зейнет жасына толуына байланысты берілетін орташа айлық төлем - 33 906 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғарғы сомасы - 945 752 теңге болды. 

            Былтырғы жылы, сондай-ақ, мұрагерлік бойынша төлемдер – 61,6 млрд аса теңге, ҚР шегінен тыс тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемдер – 40,57 млрд аса теңге, мүгедектігі бар адамдарға төлемдер – 3,07 млрд аса теңге, жерлеуге төлемдер – шамамен 9,96 млрд теңге көлемінде жүзеге асырылды. Сақтандыру ұйымдарына 394,54 млрд теңгеден астам қаржы аударылды. 

           ЖЗШ саны

            2025 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша БЖЗҚ-дағы зейнетақы шоттарының жалпы саны - 17,18 млн. бірлік (жыл бойғы өсім - 4,85 млн аса бірлік немесе 39,4%). Бұл ретте салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ саны 2025 жылдың 1 қаңтарына 12,50 млн бірліктен асты. Оның ішінде: 11,15 млн астамы - МЗЖ бойынша, шамамен 715,52 мың - МКЗЖ бойынша, 439,58 мыңы - ЕЗЖ есептелетін шоттар.

           Ал БЖЗҚ-дағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келіп түскен ЖМЗЖ туралы мәліметтер ескерілетін шартты зейнетақы шоттарының саны - 4,67 млн бірліктен асты. 

            Зейнетақы активтеріне қатысты барлық өзекті ақпарат, соның ішінде республика өңірлері бойынша мәліметтер enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» бөлімінде орналастырылған.

 1757

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
17 февраля 2025
Дата обновления
17 февраля 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
06 октября 2026
БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің 34-отырысында зейнетақы активтерін басқарудың қазіргі жағдайы мен перспективалары талқыланды
Ақпарат
06 октября 2026
Қазақстандықтардың жинақталған таза инвестициялық кірісі 14,64 трлн теңге болды
Ақпарат
06 октября 2026
ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы