БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында сарапшылармен Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі және оның дамуы, сондай-ақ Қор қызметі туралы сұхбаттар топтамасы жалғасуда.
Егер зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша, сондай-ақ "Ұлттық қор - балаларға" бағдарламасы шеңберіндегі нысаналы жинақтаушы шоттар мен нысаналы талаптарды қоса алғандағы шоттар саны 24 миллионға жетсе, ақша есебін жүргізу оңай ма? Зейнетақы қызметтері қалай цифрландырылады? Жаңа жобаларды кім әзірлейді? Сандық ақпарат қаншалықты қорғалған?
Бұл туралы БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасының эфирінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Цифрландыру департаментінің директоры Арстан Аристомбеков пен осы департаменттің Талдау және тестілеу басқармасының бастығы Максим Бычков баяндайды.
Сұхбатты мына сілтеме бойынша көруге болады:
https://www.youtube.com/watch?v=k9xU4Qu4oWc&t=2s
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қызықты да пайдалы ақпарат алу үшін БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасына жазылыңыз.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).