Меню

Страницы

Статья

«БЖЗҚ» АҚ мамандары жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы бірегей шеберлік сабағын өткізеді

«БЖЗҚ» АҚ мамандары жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы бірегей шеберлік сабағын өткізеді

            Жыл сайын «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі БЖЗҚ, Қор) БАҚ өкілдерін, блогерлерді, сондай-ақ, журналистика факультеттерінің студенттерін барлық мақсатты аудиториялар үшін қызықты болатын жедел және өзекті материалдарды дайындау құпияларымен бөлісу үшін жинайды. 2024 жылы мұндай іс-шара онлайн-форматта 07 қараша күні орыс тілінде, ал 08 қарашада қазақ тілінде сағат 10.00-ден 12-30-ға дейін өтеді.

        

            Екі күн ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесі саласының мамандары қазақ және орыс тілдерінде шеберлік сабақтарын өткізеді.

            Курс бағдарламасында түрлі тақырыптар бойынша оқыту модульдері ұсынылады:

-    Әлемдегі зейнетақы жүйелерінің түрлері мен негізгі түсініктері, демографиялық трендтердің зейнетақымен қамсыздандыруға әсері. Қазақстандағы зейнетақы жүйесі. БЖЗҚ қызметі (Неліктен көптеген елдер зейнетақы жүйесінің жинақтаушы және аралас түріне көшуде?

-         Зейнетақы активтерін ҚР ҰБ-тың басқаруы (зейнетақы активтері қалай және қайда инвестицияланатыны туралы таныстырылым)

-  Зейнетақы активтерін ҚР Ұлттық банкінің басқаруы (зейнетақы активтері қалай және қайда инвестицияланып жатқаны туралы таныстырылым)

-      Зейнетақы жинақтары сенімгерлік басқаруда. (Инвестициялық портфельді басқарушы компаниялар (ИПБ) туралы ақпаратты қайдан алып оқуға болады?)

-        Зейнетақыны жоспарлау құралдары. (Болашақ зейнетақыны 20-30 жыл бұрын есептеп, өзгертуге бола ма?)

-    Зейнетақы жинақтарынан төлемдер (БЖЗҚ-дан берілетін төлем түрлері, оларды алу тетігі, enpf.kz сайтынан ақпаратты қалай табуға болады?).

-        БЖЗҚ-ның ақпараттық жұмысы. ЖЗЖ туралы қызық материалды алғашқы көзден алынған ақпараттар негізінде қалай дайындауға болады? (БЖЗҚ-ға қандай сұраныстармен жүгінген жөн, Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы ақпарат алудың тікелей арналары: enpf.kz сайты, әлеуметтік желілер, press@enpf.kz, БЖЗҚЕНПФ YouTube-арнасы - қазақстандық және халықаралық сарапшылардың эксклюзивті пікірлері)

 

           Іс-шараға қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет. Қатысуға өтінімді өзіңіз туралы мына мәліметтерді көрсете отырып: ТАӘ, БАҚ немесе оқу орнының (студенттер үшін) атауы, қатысу күні, электрондық мекенжайы және Whatsapp телефон нөмірі (шақыру сілтемесін жіберу үшін), press@enpf.kz электрондық мекенжайына жіберу қажет.

            Шақыру сілтемесі Сізге іс-шара басталардан бір күн бұрын жіберіледі.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
01 ноября 2024
Дата обновления
01 ноября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
06 октября 2026
БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің 34-отырысында зейнетақы активтерін басқарудың қазіргі жағдайы мен перспективалары талқыланды
Ақпарат
06 октября 2026
Қазақстандықтардың жинақталған таза инвестициялық кірісі 14,64 трлн теңге болды
Ақпарат
06 октября 2026
ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы