"БЖЗҚ" АҚ сарапшылармен Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің жұмысы мен дамуы туралы сұхбаттар топтамасын жаңартуда.
Бүгін БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында болашақ зейнетақы төлемдерін жоспарлау, оларды Зейнетақы калькуляторының көмегімен есептеу, ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақыны ұлғайту, сондай-ақ дамыған елдердің тәжірибесі туралы Қор мамандары - "БЖЗҚ" АҚ Стратегиялық даму департаменті директорының орынбасары Азат Сапин және "БЖЗҚ" АҚ Стратегия және талдау басқармасының бастығы Айжан Темірлан баяндайды.
Сұхбатты көру үшін https: https://youtu.be/PTLbKdhS3X0 сілтемесіне өтіңіздер.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы қызықты да пайдалы ақпарат алу үшін БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасына жазылыңыздар.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).