Меню

Страницы

Статья

"БЖЗҚ" АҚ "Ашық есік күні" іс-шарасына шақырады. Тақырыбы: Болашақ зейнетақыны қалай жинақтап, болжамды мөлшерін білуге болады: зейнетақы калькуляторы және жинақтау жоспары

                 "БЖЗҚ" АҚ "Ашық есік күні" іс-шарасына шақырады.

Тақырыбы: Болашақ зейнетақыны қалай жинақтап, болжамды мөлшерін білуге болады: зейнетақы калькуляторы және жинақтау жоспары

 

2024 жылғы 20 қыркүйекте "БЖЗҚ" АҚ "Болашақ зейнетақыны қалай жинақтап, болжамды мөлшерін білуге болады: зейнетақы калькуляторы және жинақтау жоспары" тақырыбына арналған "Ашық есік күнін" онлайн-форматта өткізеді.

Мақсаты - салымшылар мен іс-шараға қатысушыларды болашақ зейнетақыны есептеу және оны ұлғайту жөніндегі жоспарды қалыптастыру/түзету үшін қажетті "Зейнетақы калькуляторы" және "Зейнетақы жинақтарының жеке жоспары" ыңғайлы құралдарымен таныстыру.

 

Іс-шараны өткізу кезінде салымшыларға (іс-шараға қатысушыларға) зейнетақы калькуляторы арқылы болжамды зейнетақыны қалай есептеу керектігі туралы түсініктеме беріледі. Зейнетақы жоспарын қалай жасап, қажет болған жағдайда, қалай өзгертуге болатыны да көрсетіледі. "Зейнетақы калькуляторы" және "Зейнетақы жинақтарының жеке жоспары" қызметтерін пайдалану бойынша жаңа мүмкіндіктер туралы әңгімелеп береді.

 

Бұған қоса, өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері іс-шараға қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, жеке кеңес беруге дайын.        

 

Естеріңізге сала кетейік, "Ашық есік күні" онлайн-форматта 20 қыркүйек күні өтеді сағат 10:00-де.

Іс-шараға қатысу үшін әрбір қатысушы сілтеме бойынша өтуі қажет:

 

https://enpf.webex.com/weblink/register/r76333fec002759a9333a65b60d5bc604

 

 

        

"БЖЗҚ" АҚ өз салымшыларын, алушыларын және барлық ниет білдірушілерді "Ашық есік күнінде" күтеді!

 

 

Дата публикации
16 сентября 2024
Дата обновления
16 сентября 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
06 октября 2026
БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің 34-отырысында зейнетақы активтерін басқарудың қазіргі жағдайы мен перспективалары талқыланды
Ақпарат
06 октября 2026
Қазақстандықтардың жинақталған таза инвестициялық кірісі 14,64 трлн теңге болды
Ақпарат
06 октября 2026
ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы