Астана қаласының аумағы арқылы транзиттік автомобиль көлігінің жүру схемасы мен тәртібін айқындау туралы

«Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңы 8-бабының 13) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Астана қаласының аумағы арқылы транзиттік автомобиль көлігінің жүру схемасы мен тәртібі осы қаулыға қосымшаға сәйкес айқындалсын.
  2. «Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберілуін;

2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін оның Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Қ. Өтебаевқа жүктелсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласының аумағы арқылы транзиттік автомобиль көлігінің жүру схемасы мен тәртібін айқындау туралы
Дата публикации
03 августа 2026