«Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

«Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша

ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА 

Бізбен, жұмыс тобының құрамы: «Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ бұхаралық спорт бөлімінің басшысы  А.К.Агзамовпен, «Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы  м.а Н.Б. Әзімхан, «Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ қаржы-экономикалық бөлімінің бас маманы  А.Е. Кабденовамен, 2021 жылғы   27 сәуірден бастап 2022 жылғы 20 сәуірге дейінгі кезеңіне «Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы»  мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – Басқарма) қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы заңына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы А.Ж. Шпекбаевтың           2021 жылғы 7 сәуірде бекіткен Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарына сәйкес, Басқарма басшысының 2022 жылғы 3 маусымдағы № 05-08/100 бұйрығының негізінде жүргізілді.

Басқарма өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI Кодексін, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы  № 148-ІІ, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы  № 413-IV, «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы 2007 жылғы 26 шілдедегі № 310-III, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V, «Дүлей зілзалалар мен авариялар салдарынан физикалық немесе моральдық тозуынан жарамсыз болған мемлекеттік мүліктің жекелеген түрлерінің бұзылуын және жойылуын ресімдеу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 615 қаулысын, «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысын, «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығын, «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығын, «Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік есепке алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 3 тамыздағы № 393 бұйрығын, Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы»  2014 жылғы  3 шілдедегі № 228-V ҚРЗ Заңымен, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 22 қарашадағы № 106 бұйрығы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 15 ақпандағы № 112-396 қаулысымен бекітілген «Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережесін басшылыққа алады.

Басқарманың негізгі қызметі – Спорт және дене шынықтыру құралдары арқылы салауатты өмір салтын насихаттау және ұйымдастыру бойынша дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында мыналар анықталды:

  1. Қолданыстағы құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мемлекет басшысы 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Балаларды бұқаралық спорт түрлеріне белсенді тарту, сондай-ақ спорт секцияларын ашу және "балалар клубтарының"қызметін жандандыру міндетін қойды.

Осыған байланысты, 2021 жылдың мамыр айынан бастап спорт секцияларына және шығармашылық үйірмелерге жан басына нормативтік қаржыландыру тетігі енгізілді. 4 жастан 17 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді қамту бойынша осы жоба іске асырылуда. ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 119 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесінде спорттың 71 түрі (оның ішінде ерекше физикалық қажеттіліктері бар спортшылар үшін) көзделген.

Жобаның мақсаты:

- балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу;

- дене шынықтыру мен спортқа қызығушылықты арттыру;

- балалар мен жасөспірімдердің дене қабілеттерін дамыту;

- тегін негізде балалар спорт секцияларының қызметтеріне халықтың сұранысын қанағаттандыру.

Барлығы 2022 жылдың 1 тамызындағы жағдай бойынша artsport.edu.kz платформасында Нұр-сұлтан қаласы бойынша дене шынықтыру және спорт саласында 25 спорт түрі бойынша 577 спорт секциясы жұмыс істейді.

Жоғарыда аталған бағдарламаны іске асыруға өткен жылы 602 млн.теңге бөлінді. 2022 жылға 3,7 млрд. теңге бөлінді.

Талдау барысында artsport.edu.kz порталында деректер базасының интеграцияланбағаны анықталды, бұл мемлекеттік тапсырысты іске асыру кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкелуі мүмкін. Білім беру (ҰБДҚ), Денсаулық сақтау саласындағы деректерді интеграциялаудың болмауы, сондай-ақ электрондық үкіметтің сыртқы шлюзі арқылы Интеренет желісін пайдаланушылармен өзара іс-қимылдың болмауы жосықсыз өнім берушілерге балалар бойынша жалған деректерді тіркеуге не баланың ЖСН-нің жеке деректерін пайдалана отырып, балаларды ата-аналарын білмей тіркеуге және бұл үшін бюджет қаражатын алуға мүмкіндік берді (18 жастан асқан ересек адамдардың ЖСН осы платформада тіркелген).

Бұдан басқа, мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыстарды беруші-қатысушылармен жұмысты регламенттейтін әзірленген қағидалар практикада сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің болуын және бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуын көрсетті. Бірыңғай органды айқындау мемлекеттік тапсырысты іске асырудың бүкіл процесін үйлестіруге және бақылауға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді. Алға қойылған міндетті сапалы іске асыру үшін бүкіл дерекқор жинақталатын бірыңғай платформа құру қажет.

ҚР "Білім туралы" Заңына сәйкес білім беру және қосымша білім беру саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіру мен әдістемелік басқаруды жүзеге асыру ҚР БҒМ құзыретіне жатады. Білім беру туралы заңнаманың бабына сәйкес білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен мамандардың жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу, оқыту процесі қосымша білім беру деп танылады, ал мемлекеттік білім беру тапсырысы деп балаларға қосымша білім беру бойынша мемлекет қаржыландыратын көрсетілетін қызметтер көлемі түсініледі, балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын, спорт, мәдениет және өнер саласындағы мүдделерді дамытуға бағытталған балаларға қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын оқу-тәрбие ұйымы қосымша білім беру болып табылады.

Бүгінгі күні ҚР МСМ құзыретіндегі шығармашылық үйірмелер мен спорт секциялары бойынша құқықтық қатынастарды реттеу (Қосымша білім беру) мемлекеттік органдардың функцияларын қайталау болып табылады және жергілікті деңгейде үш түрлі бюджеттік бағдарламаны іске асыруды талап етеді. Шығармашылық үйірмелер, спорт секциялары және өзге де қосымша білім беру бір ОМО-ның қарауында болуға және бірыңғай заңдармен реттелуге тиіс. Бұдан басқа, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің әрқайсысы веб-порталға қызмет көрсету бойынша қызметтерге арналған шығыстарды көтеруге мәжбүр, бұл әрбір мемлекеттік органның қосымша бюджет шығыстарына үш есе әкеп соғады.

Нормативтік құқықтық актілерді талдау барысында (балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидалары, ҚР Мәдениет және спорт министрі бекіткен мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесі) спорттық тапсырысты іске асыру бойынша операторлардың (жергілікті атқарушы органның) өнім берушілерді (заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер) тексеру құзыреті жоқ.Жеткізушілер - бұл бизнес субъектілері. Бақылау және қадағалау органдары жүзеге асыратын тексерулерді жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде (бұдан әрі-Кодекс) белгіленеді. Кодекстің 129-бабының 9-тармағына сәйкес кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалау осы Кодекстің 138 және 139-баптарында көзделген кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі салаларында ғана жүзеге асырылады. Аталған баптарда спорт саласы бақылау жүзеге асырылмайтын қызмет салаларында. Осы Кодекстің 138 және 139-баптарына жаңа салаларды енгізу үшін реттеуші мемлекеттік органдар осы Кодекстің 83-бабына сәйкес реттеушілік әсерді талдау рәсімін алдын ала жүргізуге тиіс (10-тармақ, 129-бап). Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығымен Шағын бизнес субъектілеріне қатысты 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін ЖАО-ға тексерулер жүргізуге мораторий келтірілгені белгілі. "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңға және Ережеге сәйкес Басқару бақылау функцияларына ие емес.

Бақылау функцияларын ЖАО берген жағдайда, спорттық тапсырысты орналастыратын және беретін және бюджет қаражатын тек бизнес субъектілерінің пайдалануына ғана емес ЖАО спорттық тапсырысын орналастырудың дұрыстығына бақылау жүргізетін боламыз деп ойлаймыз.. Басқа салалардың тәжірибесі көрсетіп отырғандай, «Біз бір қолымызбен береміз, екінші қолымызбен аламыз» қағидасы үлкен сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне алып келеді.

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері.

2.1.Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері.

27.04.2022 жылғы жағдай бойынша штат саны 12 бірлікті құрады. 8 қызметкердің 50% - ын әйелдер құрайды. Қызметкерлердің 100% жоғары білімі бар. Басшының өз бағынысында бір орынбасары бар.

2021 жылғы 27 сәуір мен 2022 жылғы 27 сәуір аралығында отбасы жағдайы бойынша 7 қызметкер, басқа мемлекеттік органдарға ауысуына байланысты 2 қызметкер жұмыстан шығарылды.

2021 жылғы 27 сәуір мен 2022 жылғы 27 сәуір аралығында  6 қызметкер қабылданды. Ішкі конкурс қорытындысы бойынша жоғары тұрған лауазымға 2 қызметкер тағайындалды. 1 қызметкерге 2021 жылдың қыркүйегінен бастап ұзақ мерзімді оқу демалысы берілді.

2021 жылғы 27 сәуір мен 2022 жылғы 27 сәуір аралығында басқарманың 2 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Теріс себептермен жұмыстан шығарылған қызметкерлер болған жоқ.

Талдау мерзімінде ведомстволық бағынысты ұйымдардың азаматтық қызметшілеріне аттестаттау жүргізілген жоқ.

2.2.Мемлекеттік сатып алуды өткізу

Басқармада мемлекеттік сатып алуды өткізу жұмыстары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

2.3. Бюджет қаражатты жоспарлау және игеру.

Басқарманың 5 жұмыс бюджеттік бағдарламасы бар:

  • 001 «Жергiлiктi деңгейде дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер»

Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы аппаратының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, "Нұр-Сұлтан қаласының Дене шынықтыру және спорт  басқармасы" ММ аппаратын қамтамасыз ету.

  • 003 «Республикалық және халықаралық спорттық жарыстарға әртүрлі спорт түрлері бойынша құрама командалары мүшелерінің дайындығы және қатысуы»

Әртүрлi деңгейдегі спорттық жарыстарға қатысу үшiн Нұр-Сұлтан қаласы құрама мүшелерiнің оқу-жаттығу жиынын ұйымдастыру.

  • 005 «Мемлекеттік капиталды шығындар»

Мемлекеттік мекемелердің қызметін қолдау, мемлекеттік мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту, мемлекеттік мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту.

  • 006 «Балалар мен жасөспірімдерге спорт бойынша қосымша білім беру»

Балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылдануға тарту, олимпиадалық резерв даярлау мақсаттарында оқу-жаттығу үрдісін ұйымдастыру.

  • 096 «МЖӘ жобасы бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау»

Дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар арасында спортты дамытуды қамтамасыз ету мақсатында спорт объектілерін мүліктік жалдауды (жалға алуды) жүзеге асыру, зияткерлік технологияларды пайдалана отырып жаңғырту және кейіннен «Қазақстан» спорт сарайын пайдалану.

Басқарманың қаржы-шаруашылық қызметіне байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

2.4. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін талдау.

Талдау жүргізілген  кезеңде басқармаға  86 өтініш келіп түсті. Оның ішінде: өтініштер-38, шағымдар – 5, ұсыныстар – 5, басқалар-38. Қаралғаны - 73, есепті кезеңде түсіндірілген-14. Есепті кезеңнің аяғындағы қалдық - 6.

Өтініштердің көп бөлігіне жауаптар, негізінен дене шынықтыру және спорт саласы бойынша қолданыстағы заңнамаға сілтемелермен жіберіледі. Бұдан басқа, өтініш берушілер алдыңғы жауаптарды елемейтін немесе мәні мен тақырыбы бойынша ұқсас өтініштер келіп түсетін мәселелер бойынша бір тұлғалардан өтініштердің келіп түсу фактілері бар.

Өтініштердің басым бөлігі үкіметтік емес ұйымдардан (спорт түрлері бойынша федерация) келіп түседі.

Сонымен қатар, басқарма қызметінің ерекшелігіне қарай, көбінесе өтініштер дене шынықтыру және спорт саласына, сондай-ақ оның қызметіне қатысты болып келеді.

Басқарманың құзыретіне кірмейтін өтініштер мүдделі және құзыретті мекемелермен бірлесіп қаралады.

Барлық келіп түскен өтініштер басқарма қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерін қамтитын мәліметтердің болуына зерделенеді.

Жеке және заңды тұлғалардың барлық өтініштеріне жауаптар қабылданған шешімге шағымдану құқығын түсіндіре отырып, белгіленген мерзімде беріледі.

2.5.Мемлекеттік көрсетілетін қызметке байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері.

Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына сәйкес 5 Мемлекеттік қызмет көрсетеді.

  1. «Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу»;
  2. «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне кандидат, 1-разрядты спортшы cпорттық разрядтар және біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi орта деңгейдегi бірiншi санатты әдiскер, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi бірiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бірiншi санатты спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру
  3. «Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне "мамандандырылған" деген мәртебе беру»;
  4. «Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру»;
  5. «Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау»

Жоғарыда көрсетілген бұйрықтарға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету нысаны:

«Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу» - электрондық;

«Спорттық разрядтар мен біліктілік санаттар беру» - электрондық / қағаз түрінде;

«Спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру» - электрондық / қағаз түрінде

«Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне тұрғын үй беру» - қағаз түрінде.

«Балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттарды қабылдау» - қағаз түрінде.

2021 жылдың сәуірінен 2022 жылдың наурызына дейін 1653 қызмет көрсетілді. Оның ішінде спорттық разрядтар беру-1109 қызмет. Жергілікті спорт федерацияларын аккредиттеу-19 қызмет, балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне құжаттар қабылдау-522 қызмет, спорт мектептеріне және спорт мектептерінің бөлімшелеріне «мамандандырылған» деген мәртебе беру-3 қызмет .

Басқарма тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметке байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

 

АНЫҚТАЛҒАН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН

ЖОЮ БОЙЫНША ҰСЫНЫМДАР:

 

«Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі:

  1. Басқарманың құзыреті бөлігінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау барысында анықталған барлық бұзушылықтарды жою шараларын қабылдасын.
  2. Талдамалық анықтамаға қол қойылған күннен бастап жұмыс 3 күнінен кешіктірмей сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындылары бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін.
  3. Жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтамаға қол қойылған күннен бастап 6 ай ішінде ұсынымдардың орындалуына мониторингті және бағалауды жүзеге асырсын.

 

Жұмыс тобының мүшелері:

 

А.К. Агзамов _________________________________________________

 

Н.Б. Әзімхан__________________________________________________

 

К.Е. Кабденова _______________________________________________

 

 

Басқарма басшысы                                                     С.С. Жылқыбаев

«Нұр-Сұлтан қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Дата публикации
27 августа 2022