GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Басқарма туралы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
СҚҚжЖҚБ
23 октября 2026
Басқарма басшысы Руслан Жақыпов азаматтарды жеке қабылдады.

Жеке қабылдау барысында тұрғын үйді реконструкциялау, пәтерді үй-жайдың функционалдық мақсатын өзгерте отырып қайта жабдықтау, жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту, сондай-ақ жер учаскесін жеке меншікке сатып алу сұрақтары қарастырылды.

Басқарма басшысы пәтерді тұрғын емес үй-жайға реконструкциялау мемлекеттік қызметке құжаттарды тапсыру тәртібін түсіндірді. Руслан Жақыпов алдымен техникалық жобаны әзірлеу қажеттігін атап өтті.

Сонымен қатар жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту рәсімі түсіндірілді. Жалға алу мерзімі аяқталған жағдайда, жер учаскесін ресімдеу Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры (ЕГКН) арқылы жүзеге асырылады. Бұл мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 30 жұмыс күні.

Сұрақтардың бірі  тұрғын үйдің ортақ пайдаланылатын үй-жайын пайдалану мәселесіне қатысты болды. Басқарма басшысы дәліз кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің құрамына кіретінін жеткізді.

Басқарма басшысының қабылдауына алдын ала 55-69-57 телефоны арқылы жұмыс күндері сағат 16:00-ге дейін жазылуға болады. Қабылдау әр бейсенбі күні сағат 14:00-де өткізіледі.

 

22 октября 2026
“Бас жоспар IQ” командасы III орын иеленді

Астана қаласының мемлекеттік мекемелері арасында ұйымдастырылған “Елорда білгірлері” интеллектуалдық сайысында “Бас жоспар IQ” командасы III орын иеленді!

Сайысқа барлығы 16 команда қатысты.

Әріптестерімізді жүлделі орынға ие болуларымен шын жүректен құттықтаймыз!

СҚҚжЖҚБ
15 октября 2026
Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасына басшы тағайындалды.

«Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары» ММ басқармасының басшысы қызметіне Жақыпов Руслан Ерғалиұлы тағайындалды.

Руслан Жақыпов 2022 жылдан осы уақытқа дейін «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС бас директоры қызметін атқарды.

 

Жалпы ақпарат

Р.Е. Жақыпов 1985 жылы 7 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

 

Білімі:

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Дизайн» мамандығы (2007 ж.)

Еуразия гуманитарлық институты, құқық бакалавры (2015 ж.)

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, «Сәулетші» мамандығы (магистратура, 2026 ж.).

 

Еңбек жолы

Жақыпов Руслан Ерғалиұлы еңбек жолын 2007 жылы «Нұр-Сәулет» ЖШС сызбашы-жобалаушы қызметінен бастады, Астана қаласы.

2008 жылы мемлекеттік қызметке кірісті. «Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары» ММ басқармасында маман қызметінен бастап, кейін түрлі бөлімдердің басшысы қызметін атқарды, (2008-2020);

2018-2019 жылдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалы директорының орынбасары қызметін атқарды, Қарағанды облысы;

2019 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің  спорт инфрақұрылымын дамыту басқармасына басшылық етті, Нұр-Сұлтан қаласы;

2020 жылы Астана қаласы әкімдігінің «ЖасНұр» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының орынбасары қызметін атқарды;

2020-2022 жылдары «Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары» ММ басқармасында түрлі бөлімдердің басшысы қызметін атқарды.

2022 жылдан осы уақытқа дейін «Астана бас жоспары» ҒЗЖИ» ЖШС бас директоры қызметін атқарды.

 

СҚҚжЖҚБ
09 октября 2026
Астанада Республика күніне орай жаңа Оқушылар сарайы ашылады

Астананың Сарыарқа ауданында 750 орынға арналған жаңа Оқушылар сарайының құрылысы аяқталуға жақын. Нысан Ақан Сері және С189 көшелерінің қиылысына жақын орналасқан. Орталықты Республика күніне орай ашу жоспарланып отыр, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Оқушылар сарайы балаларға қосымша білім беру, спортпен айналысу және шығармашылық тұрғыда дамуына арналған орын болады. Мұнда жалпы дене дайындығы, хореография, үстел теннисі және нейрофитнес бойынша сабақтар ұйымдастырылады. Сондай-ақ шахмат кабинеті мен сауықтыру кешені қарастырылған.

Бір орталықта біріктірілген түрлі бағыттар оқушыларға әртүрлі қызмет түрлерінде өздерін сынап көруге және қызығушылығы мен қабілетіне қарай үйірмелерді таңдауға мүмкіндік береді. Мұнда дене белсенділігімен қатар, балалардың зияткерлік және шығармашылық дамуына да жағдай жасалады.

Оқу уақытынан тыс кезеңде мазмұнды демалыс ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінген. Оқушылар спортпен және шығармашылықпен айналысып, қабілеттерін дамытып, қатарластарымен араласып, жаңа қызығушылықтарын таба алады.

Оқушылар сарайының ашылуы аудан тұрғындары үшін тұрғылықты жеріне жақын маңда қосымша білім алуға мүмкіндік береді.

Нысан пайдалануға берілгеннен кейін Сарыарқа ауданының әлеуметтік инфрақұрылымын толықтырып, елорданың балалары мен жасөспірімдерінің дамуы мен бос уақытын тиімді өткізуіне қосымша мүмкіндіктер жасайды.

СҚҚжЖҚБ
09 октября 2026
Басқарма басшысы жеке қабылдау өткізді

Басқарма басшысы Алтынбек Ахметов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдау барысында мекенжайы қате көрсетілген жеке тұрғын үйдің жер учаскесін тіркеу, сауда-саттық мақсатында дүңгіршек орнату, мұрагерлік тәртіппен келген жер учаскесін тіркеу және тағы басқа сұрақтар көтерілді.

Басқарма басшысы әр азаматтың мәселесін мұқият тыңдап, мән-жайды анықтап түсіндірді. Жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар, тұрғындардың бірі бизнес орталықтың құрылысына қатысты жүгінді. Басқарма басшысы құрылыс компаниясымен аталған жер учаскесінде көлік қозғалысын шектемеу жайында келісілгенін жеткізді. Бұл мақсатта мердігер жер учаскелерінің аумағын қысқартып, қайта эскиз әзірлегендерін айтты. Дегенмен, Алтынбек Ахметов жоба алдындағы құжаттамалардың келісімнен өтпегенін және сол себепті құрылыстың әзірге басталмайтынын атап өтті.

Ақпарат ретінде айта кетейік, Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер басқармасы тек Астана қаласына қатысты мәселелер қарастырады және негізгі мақсаты – жоба алдындағы құжаттаманы келісу.

Басқарма басшысының қабылдауына алдын ала 55-69-57 телефоны арқылы жұмыс күндері сағат 16:00-ге дейін жазылуға болады. Қабылдау әр бейсенбі күні сағат 14:00-де өткізіледі.

08 октября 2026
«Астана бас жоспары» ҒЗЖИ-на әлемдік сәулетшілер делегациясы келді.

Делегация құрамында Ұлыбритания, Нидерланд Корольдігі, АҚШ және Ресей Федерациясының өкілдері бар.

Іскерлік сапардың басты мақсаты – сәулет және қала құрылысы саласында кәсіби байланыс орнату, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын талқылау болды.

Делегация құрамына ZHA (ZAHA HADID ARCHITECTS), CROSSWORKS, A FOR ARCHITECTURE, HARRY DOBBS DESIGN, COEN & PARTNERS, DROM, SALUT, FOSTER & PARTNERS, BARKER LANGHAM, ARUP секілді жетекші халықаралық сәулет және жобалау компанияларының өкілдері кірді.

Бас жоспармен таныстыруды Бас жоспардың мамандандырылған шеберханасының басшысы Мәулет Әлібаев шағын Целиноград қаласының Қазақстан астанасына айналу тарихынан бастады. Сонымен қатар Мәулет Әлібаев белігілі жапон сәулетшісі Кисе Куракава әзірлеген алғашқы бас жоспар туралы ақпарат берді. Ол осы аталған құжат қаланың одан әрі дамуының негізі болғанын атап өтті.

Жетекші халықаралық сәулет және жобалау компанияларының өкілдері қаланың қалыптасуы мен дамуының түрлі кезеңдеріндегі демографиялық өзгерістерге байланысты қабылданған қала құрылысы шешімдері туралы ақпаратты ерекше ықыласпен тыңдады.

Іс-шара соңында делегация өкілдері өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Мәулет Әлібаев еуропалық елдердің демографиялық және географиялық ерекшеліктерін салыстыра отырып, Астананың даму үрдістеріне қатысты жан-жақты жауаптар берді.

Тараптар тәжірибе алмасуға және екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға қызығушылық танытты.

СҚҚжЖҚБ
08 октября 2026
Басқарма басшысының орынбасары жеке қабылдау өткізді

Басқарма басшысының орынбасары Аян Смағұлов азаматтарды жеке мәселелері бойынша әр сәрсенбі сағат 10.00-де қабылдайды.

Қабылдауға жұмыс күндері 16:00-ге дейін 55-69-57 нөмірі арқылы жазылуға болады.

 

02 октября 2026
Астанада ARCHICA 2026 Орталық Азия қалаларының форумы өтеді

5–6 қазанда Астанада әлемнің түкпір-түкпірінен жетекші сәулет бюролары, урбанистер, дизайнерлер мен девелоперлер бас қосады. ARCHICA 2026 — халықаралық тәжірибе алмасуға және Орталық Азияда жаңа жобаларды іске қосуға арналған негізгі форум. Бірлескен ұйымдастырушы — Астана қаласының урбанистика орталығы. Форум Астана қаласы әкімдігінің, Ұлыбритания Үкіметінің және Нидерланд Корольдігінің қолдауымен өтеді.

Форум күндері өзара байланысты екі бағыт — Shaping identity (Бірегейлікті қалыптастыру) және Living identity (Бірегейлікті күнделікті өмірде сезіну) — аясында ұйымдастырылған. Бұл бағыттар қалалық бірегейлікпен жұмыс істеудің толық циклін: оны қалыптастырудан бастап адамның күнделікті өмірде сезінуіне дейінгі үдерісті тұтас қамтиды.

Астана бұл тұрғыда өңір үшін көрнекі мысал бола алады: астананы көшіріп, оны іс жүзінде жаңадан тұрғызу Орталық Азияда алғаш рет жүзеге асырылды. Осындай ауқымды эксперимент бірегейлік туралы талқылауға ерекше көзқарас ұсынады.

«Біз халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және әрбір азамат үшін барынша қолайлы жағдай жасау жолында аянбай еңбек етуіміз керек. Осы тұрғыдан алғанда, Астана, сөзсіз, бүкіл Қазақстанның жетістіктерін көрсететін үлгілі қала. Бүгінде елорда жаңашыл әрі креативті адамдарды өзіне тартатын мекенге айналды деп нық сеніммен айтуға болады», — деп атап өтті Қазақстан Президенті Касым-Жомарт Токаев Астанада өткен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясында сөйлеген сөзінде.

Астананың осы талқылаулар өтетін алаң ретіндегі мәртебесін айқындайтын қосымша дәйек — оның ресми халықаралық Resilience Hub (Тұрақты даму хабы) мәртебесі. Қала бұл мәртебені 2026 жылғы сәуірде БҰҰ-ның Making Cities Resilient 2030 (MCR2030) жаһандық бастамасы аясында алып, Орталық Азияда оған ие болған алғашқы қала атанды.

«Бүгінде сәулет саласы елеулі өзгерістер жағдайында дамып келеді: қалалар, қоғамның сұраныстары, технологиялар және ортаны қалыптастыру тәсілдері өзгеруде. ARCHICA осы өзгерістерді қалыптастыратын мамандарды біріктіріп, ашық халықаралық диалог үшін кеңістік құрады, — дейді ARCHICA жобасының жетекшісі Индира Махметова. — Біз үшін бұл диалогтың идея алмасумен шектелмей, өңірдің сәулеті мен қалаларын дамытуға қызмет ететін жаңа кәсіби байланыстардың, жобалар мен шешімдердің пайда болуына ықпал етуі маңызды».

ARCHICA 2026 халықаралық спикерлерінің қатарында Mangera Yvars Architects бюросының тең құрылтайшысы Ада Иварс Браво (Испания/Ұлыбритания), ATELIER BRÜCKNER компаниясының аға сәулетшісі Дженнис Реннер (Германия), Chapman Taylor компаниясының директорлар кеңесінің мүшесі Марселина Зелинска (Ұлыбритания), RSP Dubai компаниясының атқарушы директоры Ральф Штайнхауэр (БАӘ), сондай-ақ Zaha Hadid Architects, SYBARITE, IND, ARUP және басқа да компаниялардың басшылары бар.

ARCHICA 2026 форумының сәулет саласындағы бас серіктесі — Saraiva + Associados компаниясы, стратегиялық серіктесі — GROHE, техникалық серіктесі — «Алютех» компаниялар тобы.

Бағдарламаға бірқатар воркшоптар, соның ішінде Barker Langham компаниясының арнайы бағдарламасы да енгізілген. Қатысушылар мәдени мастер-жоспарлаудың қыр-сырын танып, түрлі ауқымдағы жобаларда паблик-арттың, сәулеттің және пайдаланушы тәжірибесінің өзара байланысын талқылайды. Сондай-ақ практикалық бөлімде нақты жобаны бастапқы брифтен бастап іске асырылғанға дейін талдайды.

Баспасөз релизіне арналған суреттер: https://drive.google.com/drive/folders/1FOnaOaVGctbqhRWjYJ6qVAskSed5juj2?usp=sharing

БАҚ үшін: pr@archicas.com

 

СҚҚжЖҚБ
02 октября 2026
«Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында азаматтарды жеке қабылдау

«Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және құқықтық ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Басқарма басшысы Алтынбек Ахметов Астана қаласы прокурорының көмекшісі Азамат Казбековпен бірлесіп, «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында азаматтарды жеке қабылдады.

Жеке қабылдау барысында тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерін заңдастыру, жер учаскесін жалдау шартын ұзарту және басқа да мәселелер қаралды.

Тұрғындардың бірі негізгі құрылысқа қосымша болып табылатын жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту мәселесі бойынша жүгінді. Аталған жер учаскесінің нысаналы мақсаты – тұрғын үйді күтіп-ұстау.

Сонымен қатар, жеке қабылдау барысында қонақ үй салуға берілген жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту мәселесі қаралды. Алтынбек Ахметов жер учаскесін жалға алу мерзімін ұзарту үшін объектіні пайдалануға беру актісінің болуы қажеттігін түсіндірді. Қонақ үйді пайдалануға қабылдау актісін алу тәртібі жеке тұрғын үй құрылысы (ЖТҚ) объектісін пайдалануға беру тәртібінен ерекшеленеді. Бірінші жағдайда жобада көзделген қажетті инженерлік коммуникацияларға қосылғанын растайтын тиісті мекемелерден декларациялар алу қажет.

Құрметті Астана қаласының тұрғындары!

Жеке қабылдауға өз мәселеңізге қатысты қолда бар құқық белгілейтін құжаттармен келулеріңізді сұраймыз. Құжаттардың болуы сіздің жағдайыңыз бойынша толық әрі нақты түсіндірме беруге мүмкіндік береді

 

СҚҚжЖҚБ
30 сентября 2026
Басқарма басшысының орынбасары Аян Смағұлов жеке қабылдау өткізді

Басқарма басшысының орынбасары Аян Смағұлов жеке қабылдау өткізді.


Жеке қабылдау барысында нысанды реконструкциялау тәртібі, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына түзетулер енгізу, жер учаскесін ресімдеу және т.б. мәселелер қарастырылды.


Аян Смағұлов техникалық жобаны әзірлеуді қызметті алушының жобалық ұйымдарға тапсыратынын түсіндірді. Әзірленген техникалық жоба негізінде Басқарма сәулет-жоспарлау тапсырмасын және реконструкция жүргізуге рұқсат береді. Одан кейін жұмыс жобасы әзірленіп, ол сараптамадан өткізіледі.


Басқарма басшысының орынбасары азаматтарды әр сәрсенбі күні сағат 10:00-де жеке қабылдайды.
Еске саламыз, қабылдауға жұмыс күндері сағат 16:00-ге дейін 55-69-57 телефоны арқылы жазылуға болады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы