Меню

Страницы

Статья

Қоғамдық талқылау өтеді

📣ХАБАРЛАНДЫРУ

Талаптарға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 30 қыркүйектегі № 505 бұйрығы және ЖАО жауапкершілігіне жататын жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету туралы қолданыстағы заңнаманың тармақтары мен өзге де талаптарын басшылыққа ала отырып, қоғамдық талқылаулар өткізілетіні туралы хабарлаймыз.

⏳ Қоғамдық талқылаулар 2024 жылғы 11 наурызда, сағат 11:00-ден бастап 13:00-ге дейін Республика даңғылы, 32, 1 қабат мекенжайы бойынша өтеді.

Заңды/жеке тұлғалардың өтініштері негізінде қаралатын мәселелер:

  • «Байқоныр» ауданы, С. Сейфуллин, 59, көшесіндегі жер учаскесінің «мектеп пайдалану» нысаналы мақсатынан «жатақхана» мақсатына егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын түзету, тапсырыс беруші «Технологиялық колледжі» ШЖҚМКК;
  • «Байқоныр» ауданы, Өндіріс тас жолынан Ақжол көшесіне дейін аумағындағы жер учаскесінің «сауда-көрме павильоны» нысанының егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын «жылына 2000-6000 тонна профиль шығаратын алюминий қорытпаларынан престелген профильдер шығаратын зауыт салу және пайдалану» нысанына өзгерту туралы өтінімді қарау бойынша егжей-тегжейлі жоспарлау жобасын түзету, тапсырыс беруші «Алюминий профиль зауыты «LUXAL» ЖШС.

❗️ Ашық жиналыстар арқылы қоғамдық талқылауларды өткізу күні бұқаралық ақпарат құралдарында қоғамдық талқылауларды өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күннен ерте белгіленбейді.

📧 Дәлелді ескертулер мен ұсыныстар электрондық мекенжайға бекітілген нысан бойынша қоғамдық талқылаулар басталған күнге дейін 3 жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қабылданады: Астана қ., Ә.Мәмбетов к-сі, 24-үй мекенжайындағы ұсыныстар жәшігінде (холл) қолма-қол беруге немесе: s.alkuatova@astana.kz электронды поштасына жібере аласыз.

👆 Қоғамдық талқылауларды жүргізу кезінде ескертулер мен ұсыныстардың мәнін көрсетпейтін немесе қоғамдық талқылау мәніне қатысы жоқ жеке және заңды тұлғалардың ескертулері мен ұсыныстары ескерілмейді.

Дата публикации
08 февраля 2024
Дата обновления
16 июля 2025
Тип
Тұрғындарға арналған ақпарат

Сейчас читают

09 октября 2025
Қоғамдық талқылау өткізілмейді
Қоғамдық пікір
16 июля 2025
Қоғамдық талқылау өтеді
Мемлекеттік рәміздер
15 ноября 2024
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимні

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы