:ер учаскесін жалға алу құқығын сату бойынша электрондық аукцион өтеді

19.02.2026 сағат 10:00 жер учаскесін жалға алу құқығын сату бойынша электрондық аукцион өтеді.

Нысаналы мақсаты – жарнамалық-ақпараттық объектіні (стелла) орналастыру.

Мекенжайы: Астана қ., Сарыарқа ауданы, Д. Карбышева көшесі, 50/1 ғимаратының маңы

Жалға алу мерзімі – 48 ай (қала құрылыстық игеру басталғанға дейін).

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жерасты коммуникацияларын салу және пайдалану үшін уәкілетті органдарға, сондай-ақ шектес жер пайдаланушыларға (меншік иелеріне) кедергісіз жүріп-тұру мен қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет.

Сондай-ақ, аталған жер учаскесінде жасыл желектердің (ағаштар, бұталар) бар екенін хабарлаймыз.

Жер учаскесінде анықталған және қолданыстағы инженерлік-коммуникациялық желілерді көшіру жұмыстары Аукцион жеңімпазының есебінен жүзеге асырылады.

Кадастрлық нөмірі: 21-319-006-1120

Жер учаскесінің ауданы, га: 0,0005

Жер учаскесінің функционалдық мақсаты (2-деңгей) – Іскерлік

Жер учаскесінің функционалдық мақсаты (3-деңгей) – Өзге жерлер, іскерлік қызмет объектілері

Жер учаскесінің функционалдық мақсаты (4-деңгей) – Өзге жерлер, іскерлік қызмет объектілері

Пайдалану мақсаты – Орналастыру;

Бөлінгіштігі – Бөлінбейтін;

Бастапқы баға – ₸ 3 876,08

Кепілдік жарна – ₸ 216 250,00

Өтінімдерді қабылдау аяқталатын күні – 19.02.2026 ж. уақыты - сағат 09:55

Дата публикации
30 января 2026