«Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын бекіту туралы

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 285 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды қалыптастыру бойынша әдістемелік ұсынымдардың 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

  1. Қоса беріліп отырған «Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты бекітілсін.
  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын бекіту туралы» «Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ басшысының 2020 жылғы 21 қаңтардағы №Б-79 бұйрығының күші жойылсын.
  2. Әкімшілік бөлімі осы бұйрықты мүдделі адамдардың назарына жеткізісін және интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
  3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау «Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ басшысының орынбасарына жүктелсін.
  4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

«Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер

қатынастары басқармасы» ММ басшысы                                                                                                    А. Ахметов

 

Антикор стандарты

 

Дата публикации
26 января 2026