Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының мемлекеттік қызметшілеріне арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша құқықтық жалпы оқыту туралы Хаттама
Астана қ.
31 желтоқсан 2025ж.
Қатысқандар:
Баяндамашы, «Астана қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары» басқармасының әкімшілік бөлімінің басшысы - Г.О. Турсумбаева
«Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ-нің мемлекеттік қызметшілері
Күн тәртібі:
«Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ-де 2025 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес және ТБН №4 (Типтік базалық бағыт) «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы ісқимыл» жобасы шеңберінде корпоративтік этика мен қызметтік мінезқұлық мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Басқарма қызметкерлерімен кездесу өткізілді.
Сөз сөйледі: Турсумбаева Г.О. – әкімшілік бөлімінің басшысы
Сыбайлас жемқорлық Қазақстанның қауіпсіздігіне жүйелі түрде қатер төндіреді, мемлекеттің және қоғамның тұрақтылығына қауіп келтіреді. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 6-бабына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар жүзеге асыруға міндетті.