Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы 2025 жылдың 11 айында 16 түр бойынша 100 мыңнан аса мемлекеттік қызмет көрсетті.
Азаматтардан ең көп өтініш – шамамен 50 мың – ҚР аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру қызметіне қатысты түсті.
Басқарма мамандары тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы бойынша шамамен 40 мың үзінді көшірме берді.
Ал жалға алу шартының көшірмесін беру, сондай-ақ бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру қызметтеріне қатысты көрсетілген мерзімде бірде-бір өтініш түскен жоқ.