Стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есепті жолдау туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 57-бабының 6-тармағына сәйкес, «Астана қаласының сәулет,
қала құрылысы және жер қатынастары
басқармасы» ММ «Астана қаласының
Бас жоспары. Түзету» (бұдан әрі – Бас
жоспар) жобасына қатысты стратегиялық
экологиялық бағалау (бұдан әрі – СЭБ)
жөніндегі есеп уәкілетті органға жолданғанын хабарлайды.
СЭБ есебінің мақсаты – Қазақстан
Республикасы Экологиялық кодексінің
57-бабына сәйкес, Бас жоспарды іске
асыру кезіндегі қоршаған ортаға ықтимал
елеулі әсерлерді, сондай-ақ ақылға
қонымды баламаларды бағалау.
Бас жоспардың қолданылу мерзімі:
2026-2035 жылдар
Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау
мерзімі: СЭБ есебі ресми интернет-ресурста
орналастырылған күннен бастап 30
күнтізбелік күн ішінде
СЭБ әзірлеуге жауапты орган: Астана
қаласының әкімдігі
СЭБ тапсырыс беруші: «Астана
қаласының сәулет, қала құрылысы және
жер қатынастары басқармасы» ММ
СЭБ әзірлеушісі: «Зеленый мост» ЖШС
СЭБ материалдары бойынша қорытынды беретін уәкілетті орган: Қазақстан
Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Жұртшылықты (азаматтар мен заңды
тұлғаларды) келесі сұрақтар бойынша өз
ескертулері мен ұсыныстарын білдіруге
шақырамыз:
1. Бас жоспарды іске асырудың экологиялық және әлеуметтік аспектілері
есепте қаншалықты толық әрі дұрыс
көрсетілген?
2. Қоршаған орта мен халық денсаулығына ықтимал әсерлердің маңыздылығы
туралы есептің қорытындылары негізді
деп санайсыз ба?
3. Ұсынылған теріс әсерлерді болғызбау,
азайту немесе орнын толтыру жөніндегі
шаралар жеткілікті ме? Сіз қандай қосымша
шараларды ұсынар едіңіз?
4. СЭБ есебінде қолданылған деректерге, әдістемелерге және қорытынды
тұжырымдарға қатысты ескертулеріңіз
немесе ұсыныстарыңыз бар ма?
Ескертулер мен ұсыныстарды жолдау
үшін байланыс ақпараты:
Қазақстан Республикасының Экология
және табиғи ресурстар министрлігі
Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы,
8, Экологиялық саясат департаменті
Тел.: 8 (7172) 74-02-83
e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz,
n.kunanbaeva@ecogeo.gov.kz
ЭТРМ кеңсесі:
+7 7172 74-08-44
e-mail: k.kense@ecogeo.gov.kz
«Зеленый мост» ЖШС
Тел. 8 (7172) 98-68-07
e-mail: info@green-bridge.kz
СЭБ материалдары орналастырылған:
ҚР Экология және табиғи ресурстар
министрлігінің интернет-ресурсында
(«Қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар»
– «Стратегиялық экологиялық бағалау»
бөлімі)
Әзірлеуші-мемлекеттік органның
интернет-ресурсында: https://www.gov.
kz/memleket/entities/astana-saulet/documents/details/847375?lang=ru