Стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есептің қамту саласын айқындау үшін құжаттарды жолдау туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есептің қамту саласын айқындау үшін құжаттарды жолдау туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

 

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 55-бабының 6-тармағына сәйкес, «Астана қаласының cәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ «Астана қаласының 2035 жылға дейінгі Бас жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу» (бұдан әрі – Бас жоспар) жобасы бойынша стратегиялық экологиялық бағалау есебінің қамту саласын айқындау үшін уәкілетті органға құжаттар пакетін жолдағанын хабарлайды.

Ұсынылған материалдар құрамына кіреді:

– «Астана қаласының 2035 жылға дейінгі Бас жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу» жобасы, оның ішінде жобаны іске асырудың негізгі бағыттары мен мерзімдері туралы ақпарат;

– Бас жоспар іске асырылатын аумақтың сипаттамасы;

– Қоршаған ортаға, халықтың өмірі мен (немесе) денсаулығына әсер ету сипаттамасы.

Қамту саласын айқындау мақсаты – Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 56-бабына сәйкес, Құжаттың сипаты мен мазмұнын негізге ала отырып, стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есепке енгізілуге жататын ақпараттың көлемі мен тәптіштелу дәрежесін белгілеу.

Бас жоспардың қолданылу мерзімі: 2026–2035 жылдар

Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау мерзімі: газетте жарияланған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде

СЭБ әзірлеуге жауапты орган: Астана қаласының әкімдігі

СЭБ тапсырыс берушісі: «Астана қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ

СЭБ әзірлеушісі: «Зеленый мост» ЖШС

СЭБ материалдары бойынша қорытынды беруге уәкілетті орган: Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі

 

Жұртшылықты (азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі сұрақтар бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын білдіруге шақырамыз:

  1. Астана қаласының ерекшеліктерін ескере отырып, стратегиялық экологиялық бағалау есебінде қандай қоршаған орта аспектілерін (мысалы: ауа, су, топырақ, биоалуантүрлілік, климат, шу, ландшафт, мәдени мұра және т. б.) міндетті түрде қарастыру қажет деп санайсыз? Таңдауыңызды негіздеңіз.
  2. Бас жоспарды түзету кезінде қандай ықтимал әсер түрлерін (тікелей, жанама, жиынтық, қысқа/ұзақ мерзімді, тұрақты/уақытша) маңызды деп санайсыз? Себептерін көрсетіңіз.
  3. Сіздің ойыңызша, СЭБ есебінің қамту саласына енгізілуі тиіс деп санайтын әлеуметтік, экономикалық немесе басқа аспектілер (мысалы: халықтың денсаулығы, өмір сапасы, халықтың осал топтарының жағдайы) бар ма?
  4. СЭБ кеңістіктік шекараларын анықтау кезінде қаланың ішінде немесе оның сыртында қандай аумақтарды (мысалы: ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, су қорғау аймақтары, ластану деңгейі жоғары аумақтар және т. б.) ескеру қажет деп санайсыз?
  5. СЭБ есебін дайындаудың келесі кезеңдеріне тартылуы тиіс дереккөздер, бағалау әдістемелері, мүдделі тараптар бойынша ұсыныстарыңыз бар ма?

 

Ескертулер мен ұсыныстарды жолдау үшін байланыс ақпараты:

 

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Экологиялық саясат департаменті

Тел. 8 (7172) 74-02-83.

E-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz, balzhan.sea@yandex.kz

 

ЭТРМ кеңсесі:

Тел. +7 7172 74-08-44.

E-mail: k.kense@ecogeo.gov.kz

 

СЭБ (қамту саласын айқындау) материалдары орналастырылған:

– ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында («Қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)

– Әзірлеуші мемлекеттік органның интернет-ресурсында: https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-saulet/documents/details/847375?lang=ru

 

"Антенна" газеті

 

Дата публикации
12 августа 2025