Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 84-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 қаңтардағы № 33 қаулысымен бекітілген Астана қаласының бас жоспарын іске асыру мақсатында, Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2024 жылғы 26 қарашадағы № 7194-24-00-4/3250 шешімінің, Астана қаласы сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының 2025 жылғы 20 ақпандағы № 7199-25-00-4а/191 қаулысының негізінде, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
-«Астана қаласының Энергетика басқармасы» мемлекеттік мекемелеріне қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес «Тарату қосалқы станциясы» объектісінің іздестіру және жобалау жұмыстарын жүргізу үшін, Астана қаласы, «Сарыарқа» ауданы, Тарас Шевченко көшесі мекенжайында орналасқан, жалпы ауданы 0,2985 га, жер учаскелері 2025 жылғы 1 тамыздан бастап 2026 жылғы 1 тамызға дейін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп, оның ішінде сатып алу жолымен иеліктен шығарылсын.