«Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы АҚПАРАТ

2025 жылғы 27 наурызда «Астана қаласы әкімінің аппараты» ММ бекіткен Астана қаласының Басқармаларында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (СЖТІТ) жүргізу кестесіне сәйкес және 2025 жылға арналған №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде «Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ-де ағымдағы жылдың 2 мамырынан 16 маусымына дейін СЖТІТ қызметі өткізілетін болады.

СЖТІТ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген өткізудің үлгілік қағидаларына сәйкес мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:

  • талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

 

Дата публикации
28 апреля 2025