Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 91-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 23 қыркүйектегі № 736 қаулысымен бекітілген Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 1225 қаулысымен бекітілген Астана қаласының апатты және тұрғын үйлерін жаңғырту бағдарламалары, Астана қаласы әкімінің 2024 жылғы 24 шілдедегі № 182-9 «Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы» шешімімен, соңдай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 қаңтардағы № 33 қаулысымен бекітілген Астана қаласының бас жоспарын іске асыру мақсатында, Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қоса беріліп отырған сызбаларға және 1,2-қосымшаларға сәйкес 2025 жылғы 28 сәуірден бастап 2026 жылғы 28 сәуірге дейін мүлікті, оның ішінде жалпы ауданы 0,0346 га жер учаскелерін реквизициялау тәртібінде мәжбүрлеп иеліктен шығару жүргізілсін.
- «Астана қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма), осы қаулы жарияланғаннан кейін үш күнтізбелік күннен кешіктірмей, тұрғын және тұрғын емес орын-жайлардың меншік иелеріне жер учаскелері мен жылжымайтын мүліктің алдағы уақытта мәжбүрлеп иеліктен шығарылатындығы туралы жазбаша хабарлама жолдасын және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте тұрғын және тұрғын емес орын-жайлардың меншік иелерін көшіруді жүргізсін.
- Қаржыландыру және осы қаулының орындалуына жауапкершілік Басқармаға жүктелсін.
- «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Н.Ж. Нұркеновке жүктелсін.