Астана қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 84-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 қаңтардағы № 33 қаулысымен бекітілген Астана қаласының Бас жоспарын іске асыру мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: