Мемлекет мұқтажы үшiн жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) туралы

510-1309 от 28.04.2022ж.

 

 

 

Мемлекет мұқтажы үшiн жер

учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен

шығару (сатып алу) туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің                       84-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің                                          2001 жылғы 15 тамыздағы № 1064 қаулысымен бекітілген Астана                       қаласының бас жоспарын іске асыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының       әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесіне қоса беріліп отырған сызбаға және қосымшаға сәйкес «№ 13 мектепке жапсаржай» объектісінің іздестіру және жобалау жұмыстарын жүргізу үшін, Нұр-Сұлтан қаласы, «Алматы» ауданы, Промышленный тұрғын алабы, Шалкөде көшесі, № 5 үй ауданы мекенжайында орналасқан, жалпы ауданы 0,8816 га жер учаскелері 2022 жылғы 25 шілдесінен бастап 2023 жылғы 25 шілдесіне дейін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп, оның ішінде сатып алу жолымен иеліктен шығарылсын.
  2. «Нұр-Сұлтан қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін үш күнтізбелік күннен кешіктірмей меншік иелеріне және жер пайдаланушыларға мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелері және басқа жылжымайтын мүлік алдағы уақытта мәжбүрлеп иеліктен шығарылатындығы туралы жазбаша хабарлама жолдасын және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіпте, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын басқа да іс-қимылдарды орындасын.
  3. Қаржыландыру және осы қаулының орындалуына жауапкершілік Басқармаға жүктелсін.
  4. Меншік иелері және жер пайдаланушылар алдағы уақытта жүргізілетін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығару туралы хабарлама алған сәттен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігіне тиісті өтініш беру жолымен келісім рәсімдеріне бастама жасауға құқылы.
  5. «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  6. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Н.Қ. Солтамбековке жүктелсін.

        

 

Нұр-Сұлтан қаласы

әкімінің орынбасары                                                           Н. Солтамбеков

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                      Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің  

                                                                                      2022 жылғы « ___» _________

                                                                                      № ________ қаулысына

                                                                                      қосымша

 

 

Мемлекет мұқтажы үшiн мәжбүрлеп иеліктен

шығарылатын жер учаскелерінің

тізбесі

 

Р/с

№

 

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі

Меншік иесі және жер пайдаланушы

Жер учаскесінің ауданы

(га)

Алып қойы-латын жер учаскесінің 

ауданы

(га)

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

Құқығы

1

2

3

4

5

6

7

8

1.         

21-318-067-844

Мушекенов Шырынбек Смаханович

0,1152

0,0964

Нұр-Сұлтан қаласы, "Алматы" ауданы, Промышленный тұрғын алабы, С.Н. Марков көшесі, № 2Б үй

Тұрғын үйді пайдалану

Жеке меншік

2.         

21-318-067-844 учаскенің

№ 3,4,5,6 бөліктері

Мушекенов Шырынбек Смаханович

Нұр-Сұлтан қаласы, "Алматы" ауданы, Промышленный тұрғын алабы, С.Н. Марков көшесі, № 2Б үй, № 1,2,3,4 пәтерлер

Ортақ үлестік меншік

3.         

21-318-067-278 учаскенің

№ 2,3 бөліктері

Шындаулетов Казбек Балуанович

0,2783

0,2780

Нұр-Сұлтан қаласы, "Алматы" ауданы, Промышленный тұрғын алабы, 30 лет Целины көшесі, № 7 үй

Жатақхана ғимаратын пайдалану

Уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жалпы үлестік жер пайдалану (07.12.2010ж. дейінгі мерзімге)

4.         

21-318-067-278 учаскенің № 4 бөлігі

Шындаулетов Казбек Балуанович

Гаражды пайдалану

_____________________

 

Дата публикации
04 мая 2022