Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

510-1311 от 28.04.2022ж.

 

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің

кейбір қаулыларына

өзгерістер енгізу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 84-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы                   1 наурыздағы Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 тамыздағы № 1064 қаулысымен бекітілген Астана қаласының Бас жоспарын іске асыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 1. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларына қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.
  2. «Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулы қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Н.Қ. Солтамбековке жүктелсін.

        

 

Әкімнің орынбасары                                                          Н. Солтамбеков

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нұр-Сұлтан қаласы әкiмдігінің

2022 жылғы «___» _________

№ _____________ қаулысына

қосымша

 

 

Өзгерістер енгізілетін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің бұрын

қабылданған қаулыларының тізбесі

 

  1. «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 510-1336 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармағындағы «2021 жылғы 3 тамыздан бастап 2022 жылғы                                   3 тамызға дейін» деген сандар мен сөздер «2022 жылғы 27 шілдеден бастап                             2023 жылғы 27 шілдеге дейін» деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын.

жоғарыда көрсетілген қаулыға қосымша мынадай мазмұндағы                                83-жолмен толықтырылсын:

«

Р/с

№

 

Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі

Меншік иесі және жер пайдаланушы

Жер учаскесінің ауданы

(ш.м.)

Алып қойы-латын жер учаскесінің

ауданы

(ш.м.)

Жер учаскесінің орналасқан жері

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

Құқығы

1

2

3

4

5

6

7

8

113.

21-320-100-490

Катанаев Василий Николаевич

0,0590

0,0590

Нұр-Сұлтан қаласы, "Есіл" ауданы, «Зеленая поляна» БСУМИТК, Рябиновая көшесі, № 121 учаске

Бағбандық

Жеке меншік

».

  1. «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 510-863 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген қаулыдағы қосымшаға:

«Меншік иесі және жер пайдаланушы» деген бағанда:

реттік нөмірі 261-жолдағы «Зиновьев Артем Васильевич» деген сөздер «Зиновьев Василий Анатольевич» деген сөздерге ауыстырылсын.

  1. «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 8 маусымдағы № 510-1990 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген қаулыдағы қосымшаға:

«Меншік иесі және жер пайдаланушы» деген бағанда:

реттік нөмірі 83-жолдағы «Тасжанов Рустем Салькиевич» деген сөздер «Кульбаева Сайма Минихановна и Тасжанова Динара Салькиевна» деген сөздерге ауыстырылсын.

  1. «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 31 қаңтардағы № 510-197 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген қаулыдағы қосымшаға:

«Меншік иесі және жер пайдаланушы» деген бағанда:

реттік нөмірі 360-жолдағы «Жураева Екатерина Ивановна» деген сөздер «Ташмуканов Амангельды Пермеевич» деген сөздерге ауыстырылсын;

реттік нөмірі 377-жолдағы «Тарновицкая Асия Абуталыбовна» деген сөздер «Тарновицкий Виктор Дмитриевич» деген сөздерге ауыстырылсын;

реттік нөмірі 381-жолдағы «Гизатуллина Сания Хасановна» деген сөздер «Гиззатуллин Рафис Байрамхузиевич» деген сөздерге ауыстырылсын;

реттік нөмірі 394-жолдағы «Пилипенко Вера Леонтьевна» деген сөздер «Бочуля Анатолий Викторович» деген сөздерге ауыстырылсын;

реттік нөмірі 411-жолдағы «Кузьмин Николай Дорофеевич» деген сөздер «Никитин Александр Леонидович» деген сөздерге ауыстырылсын.

«Жер учаскесінің орналасқан орны» деген бағанда:

реттік нөмірі 352-жолдағы «1038» деген сандар «1038/1» деген сандарға ауыстырылсын;

реттік нөмірі 417-жолдағы «592/1» деген сандар «1007/2» деген сандарға ауыстырылсын;

реттік нөмірі 428-жолдағы «339/1» деген сандар «1003/2» деген сандарға ауыстырылсын.

«Жер учаскесінің ауданы (ш.м.)» және «Алып қойылатын жер учаскесінің ауданы (ш.м.)» деген бағандарда:

реттік нөмірі 418-жолдағы «26» деген сандар «25,8» деген сандарға ауыстырылсын.

«Құқық» деген бағанда:

реттік нөмірі 437-жолдағы «уақытша өтеулі ұзақ мерзімді жер пайдалану» деген сөздер «жеке меншік» деген сөздерге ауыстырылсын.

  1. «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 510-1338 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

1-тармағындағы «2021 жылғы 3 тамыздан бастап 2022 жылғы                                   3 тамызға дейін» деген сандар мен сөздер «2022 жылғы 27 шілдеден бастап                             2023 жылғы 27 шілдеге дейін» деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын.

  1. «Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару (сатып алу) туралы» Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 19 сәуірдегі № 510-1338 қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармағындағы «2015 жылғы 10 қыркүйекте» деген сандар мен сөздер «2022 жылғы 27 шілдеден бастап 2023 жылғы 27 шілдеге дейін» деген сандармен және сөздермен ауыстырылсын.

жоғарыда көрсетілген қаулының 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«Нұр-Сұлтан қаласының Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) осы қаулы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін үш күнтізбелік күннен кешіктірмей меншік иелеріне және жер пайдаланушыларға мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелері және басқа жылжымайтын мүлік алдағы уақытта мәжбүрлеп иеліктен шығарылатындығы туралы жазбаша хабарлама жолдасын және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіпте, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын басқа да іс-қимылдарды орындасын.».

жоғарыда көрсетілген қаулының 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қаржыландыру және осы қаулының орындалуына жауапкершілік Басқармаға жүктелсін.».

 

___________________________

 

Дата публикации
04 мая 2022