Астана қаласының Дизайн-кодын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 15-бабына, Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 28-бабы 2-тармағының 32) тармақшасына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Астана қаласының Дизайн-коды осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- «Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.
- Осы қаулының талаптары 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылатын қолданыстағы объектілерді (субъектілерді) қоспағанда, осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Дизайн-кодты бекіту туралы
Қаулы