Астана қаласы әкімінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Астана қаласының әкімі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың:
1) «Астана қаласының Қала құрылысы кеңесі туралы» Астана қаласы әкімінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 510-15 шешімінің;
2) «Астана қаласының Қала құрылысы кеңесі туралы» Астана қаласы әкімінің 2023 жылғы 22 тамыздағы № 510-18 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Н.Ж. Нұркеновке жүктелсін.

 

Аким                                                                         Ж. Қасымбек

 

Қаулы

Дата публикации
03 августа 2026