«Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ-де сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы АҚПАРАТ

2026 жылғы 31 наурызда «Астана қаласы әкімінің аппараты» ММ бекіткен Астана қаласының Басқармаларында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (СЖТІТ) жүргізу кестесіне сәйкес және 2026 жылға арналған №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытын іске асыру шеңберінде «Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ-де ағымдағы жылдың 4 мамырынан 16 маусымына дейін СЖТІТ қызметі өткізілетін болады.

СЖТІТ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген өткізудің үлгілік қағидаларына сәйкес мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:

  • талдау объектісінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  • талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

СЖТІТ дайындау және өткізу барысында мынадай рәсімдер жүзеге асырылатын болады:

  1. «Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ интернет-ресурсында, БАҚ - та және әлеуметтік желілерде ВАКР өткізуді бастағаны туралы хабарландыру-30.04.2026ж. дейін;
  2. СЖТІТ жүргізу жөніндегі бұйрықты бекіту - 30.04.2026ж. дейін;
  3. СЖТІТбасталуы- 04.05.2026ж. дейін;
  4. «Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ интернет-ресурсында, БАҚ және әлеуметтік желілерде СЖТІТ нәтижелерін жария талқылау 03.06.2026ж. дейін басталды;
  5. СЖТІТ нәтижелерін көпшілік талқылау – 10.06.2026ж. дейін;
  6. СЖТІТ нәтижелері бойынша талдамалық анықтамаға қол қою - 17.06.2026ж. дейін;
  7. СЖТІТ нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс - шаралар жоспарын әзірлеу-30.06.2026ж. дейін;
  8. «Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ интернет-ресурсында талдамалық анықтамамен іс-шаралар жоспарын орналастыру-30.06.2026ж. дейін;
  9. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюдың мониторингі - талдамалық анықтамаға қол қойылған күннен бастап бір жыл ішінде - СЖТІТқорытындылары бойынша енгізілген ұсынымдардың орындалуы туралы ақпарат дайындау арқылы;
  10. СЖТІТқорытындылары бойынша айқындалған сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ұшыраған лауазымдардыңтізбесін жасау - 30.06.2026ж. дейін.

«Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібіне қатысты мәселелер бойынша мына телефон бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: 87172 55-69-61 («Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ әкімшілік бөлімінің басшысы Гульжан Оразқызы Турсумбаева); 87172 55-69-76 (құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Алтай Мухаметқазыұлы Калиакпаров)

 

Дата публикации
30 апреля 2026