
Жакупов Руслан Ергалиевич 1985 жылы 7 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Қазақ. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «Дизайн» мамандығы бойынша (2007ж.), Еуразия гуманитарлық институты, құқық бакалавры (2015ж.), С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, «Сәулетші» мамандығы (магистратура, 2026 ж.).
Еңбек жолын Астана қаласы «Нұр-Сәулет» ЖШС сызбашы-жобалаушы қызметінен бастады/ 2007;
«Астанагорархитектура» ЖШС құқықтық және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің маманы, Астана қаласы/ 2008;
«Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ реконструкциялауға рұқсат құжаттарын беру, қала құрылысы кадастры және пайдалануға берілген объектілерді есепке алу, үлестік қатысу бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы, Астана/2008-2018;
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы филиалы директорының орынбасары, Қарағанды облысы/ 2018-2019;
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің спорт инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы, Нұр-Сұлтан/2019;
Астана қаласы әкімдігінің «ЖасНұр» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны директорының орынбасары/ 2020;
«Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің аудандардың бас сәулетшілері бөлімінің бас маманы, бөлім басшысы, Нұр-Сұлтан/2020-2021;
«Нұр-Сұлтан қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесінің реконструкциялауға рұқсат құжаттарын беру, қала құрылысы кадастры және пайдалануға берілген объектілерді есепке алу, үлестік қатысу бөлімінің басшысы/2021-2022;
«Астана бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалау институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас директоры, Астана/2022-2026;
2026 жылғы 14 қазанынан бастап Астана қаласы әкімінің өкімімен «Астана қаласының Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы» ММ басшысы болып тағайындалды
«Ерен еңбегі үшін» медалімен (2022 жыл), «Құрметті сәулетші» төс белгісімен марапатталған
Отбасы: үйленген, екі баласы бар.