GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Әкім аппараты
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Онлайн қабылдау
Все материалы
Әлеуметтік сала
20 октября 2026
«Кітап оқитын ұлт»: Сарыарқа ауданының оқушылары Ұлттық кітапханаға саяхат жасады

Экскурсия барысында оқушылар кітапхана қорындағы тарихи маңызы зор сирек кездесетін кітаптармен танысып, олардың құндылығы туралы мәлімет алды. Бүгінгі шара жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, ұлттық мұраға деген құрметін нығайтуға бағытталды.

Айта кетейік, 25 қазанда Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі - Республика күні атап өтіледі.

Әлеуметтік сала
20 октября 2026
Елорда ғимараттары мемлекеттік тулармен безендірілуде

Астана қаласында Республика күніне орай ғимараттардың қасбеттері мен тұрғын үйлердің маңдайшалары мемлекеттік тулармен безендірілуде.

Республика даңғылының бойына 200-ден астам ту орнату жұмыстары жүргізілуде. Бұл қалаға ерекше мерекелік көңіл күй сыйлап, елдік рухты айшықтай түседі.

Бұл игі дәстүр жыл сайын жалғасын тауып, патриотизм мен елге деген мақтаныштың символына айналып келеді.

Санитарлық тазалау
20 октября 2026
«Сарыарқа» ауданы қысқы маусымға дайын

Елордадағы «Сарыарқа» ауданы алдағы қысқы маусымға толық дайындықты аяқтады. Ауданды қардан тазалау жұмыстарын 23 мердігер ұйым атқарады, бұл көшелердің қауіпсіздігі мен тазалығын қыстың қиын жағдайларында қамтамасыз етеді.

Санитарлық тазалау жұмыстарына 680 арнайы техника мен 820 жол жұмысшысы қатысады. Жұмысшыларға арналған 25 тамақтану және жылыну пункті дайын.

Қарды шығару және сақтау үшін Астрахан тас жолының бойында 53 гектарлық полигон дайындалған. Қар полигонында қауіпсіздік пен тиімділікті арттыру мақсатында бейнебақылау камералары мен самосвал техникасының нөмірлерін тіркейтін жүйе орнатылған. Тұрақты жарықтандыру және үздіксіз электрмен жабдықтау қамтамасыз етілген.

Бұған қоса, қар көлемі артқан жағдайда қолдануға болатын қосымша 20 гектарлық резервтік қар полигоны дайын тұр.

Санитарлық тазалау
20 октября 2026
Гёте көшесінде KOMEK Machinery Kazakhstan және Komatsu компанияларының қатысуымен қылқанжапырақты ағаштар отырғызылды

Айта кетейік, жыл басынан бері Сарыарқа ауданы бойынша 4 148 ағаш отырғызылды.

Әлеуметтік сала
16 октября 2026
«Сарыарқа» ауданында «Астана-Зеленстрой» ЖШС ұжымын кәсіпорынның құрылғанына 76 жыл толуына орай құттықтады

Айта кету керек, кәсіпорын ауданды көгалдандыруға, жасыл желектерді күтіп-ұстауға және қоғамдық аумақтардың тазалығы мен көркін сақтауға үлес қосып келеді.

Санитарлық тазалау
16 октября 2026
Жол қауіпсіздігі: «Сарыарқа» ауданында қысқы маусымға дайындық мәселелері талқыланды

«Сарыарқа» ауданында 2026–2027 жылдардағы қысқы кезеңге дайындық мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті. Жиында қар тазалау жұмыстарын ұйымдастыру, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, коммуналдық қызметтер мен мердігер ұйымдардың өзара іс-қимылы талқыланды.

Қыс мезгілінде аудан көшелерін, аулалары мен қоғамдық кеңістіктерін тазалауды 23 мердігер ұйым күн сайын екі ауысыммен қамтамасыз етеді. Жиында арнайы техниканың қауіпсіз қозғалысына ерекше назар аударылды.

Мердігер ұйымдарға қызметкерлерге жол қозғалысы ережелері мен қауіпсіздік техникасы талаптарын түсіндіру бойынша нұсқама өткізу, сондай-ақ қар тазалау кезінде қалалық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету тапсырылды.

Әлеуметтік сала
16 октября 2026
«Заң мен тәртіп»: «Сарыарқа» ауданында жастардың қауіпсіздігі талқыланды

Астана қаласының «Сарыарқа» ауданында «Заң мен тәртіп» нарративі аясында студенттермен профилактикалық кездесу өтті. Оған 500-ге жуық жас қатысты. Кездесу барысында қатысушыларға құқық бұзушылықтар үшін заңда көзделген жауапкершілік және әр адамның өз іс-әрекетіне жауап беруінің маңыздылығы түсіндірілді.

Кездесуде аудан прокуратурасының, полицияның, Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің және «Qamqor Astana» қоғамдық қорының өкілдері сөз сөйледі. Олар есірткіге қатысты құқық бұзушылықтардың, интернет-алаяқтықтың, заңсыз қаржылық схемалардың және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерін қозғады. Сондай-ақ білім беру ортасындағы қауіпсіздік пен жастардың деструктивті діни ағымдарға тартылуына жол бермеуге ерекше назар аударылды.

Студенттерге сыни ойлаудың, заң талаптарын сақтаудың және интернетте сақ болудың маңыздылығы ескертілді. Өз құқықтары мен міндеттерін білу қауіпті жағдайларды дер кезінде тануға, күмәнді ұсыныстардан сақтануға және саналы шешім қабылдауға көмектеседі.

Санитарлық тазалау
16 октября 2026
Сарыарқа ауданында субұрқақтарды консервациялау жұмыстары басталды

Биыл 25 сәуірден бастап Сарыарқа ауданындағы 12 субұрқақ тұрғындарға қызмет көрсетті. Жылы маусымның аяқталуына байланысты енді оларды қысқы кезеңге дайындау жұмыстары басталды.

Қыс мезгілінде жабдықтардың аяздан зақымдануын болдырмау және келесі маусымда қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін субұрқақтар консервацияланады.

Абаттандыру
16 октября 2026
Кейбір адамдар үшін қабырғаға жазу немесе қала мүлкін бүлдіру жай ғана ермек болуы мүмкін

Бірақ осындай жазулардың артында бүлінген ғимарат, аула немесе тұрғындар күнделікті пайдаланатын қоғамдық кеңістік қалады. Рұқсатсыз салынған мұндай жазбалар – шығармашылықтың бір түрі емес, заң бұзушылық.

Елорда – бәрімізге ортақ қала. Оның көркі мен тазалығын сақтау – тек коммуналдық қызметтердің ғана емес, әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз. Қаланы таза ұстап, ортақ мүлікке ұқыпты қарайық. Елорданы бірге аялайық, бірге көркейтейік!

Санитарлық тазалау
06 октября 2026
Сарыарқа ауданындағы «Әсем» сауда үйінің кәсіпкерлері қоршаған ортаны көркейтуге үлес қосып, сауда үйі маңына шырша ағаштарын отырғызды
Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы