Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Сарыарқа» ауданы бойынша қоғамдық орындарда иесінің қарауынсыз қалған және қаңғыбас жануарларды аулау жалғасуда. Қаңғыбас жануарларды аулау жұмыстары аулау қызметінің бекітілген кестесіне сәйкес іске асады.
Ауланған жануарлар уақытша ұстау пунктіне орналастырылып, биозарарсыздандырудан өткізіледі. Оған қоса құтыру ауруына қарсы вакцинация, чип енгізу шаралары жүргізіледі.
«Қазіргі таңда «Астана Ветсервис» ШЖҚ КМК және «Сарыарқа» ауданы экологиялық полициясымен бірігіп, үй жануарларының иелерімен профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Себебі, ит-мысықтар сыртқа қараусыз шығып кетіп, адамдарға қауіп төндірген жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 407-бабы бойынша жануар иесіне айыпұл салынады. Осы орайда аудан тұрғындарын өз жануарларын қараусыз қалдырмауларын сұраймыз» деді, Сантаев Қайрат, «Сарыарқа» ауданының учаскелік инспекторы
Еске сала кетейік, аудан бойынша жыл басынан бері 500 жуық ит және 50 мысық ауланды.
Сұрақтарыңыз бойынша:
Ветеринария бөлімінің басшысы: 8-700-724-82-25 Тұрымбетов Алмас Базарбайұлы
Ветеринарлық дәрігер 8-700-724-82-08 Жұмаділов Түсіпбек
Ветеринарлық дәрігер 8-700-724-82-10 Қасымбеков Ермек
Сондай-ақ, тұрғындар қаңғыбас иттерді байқаған жағдайда «Сарыарқа ауданы» телеграм чатына немесе Instagram желісіне жаза алады.