«Сарыарқа» ауданы әкімдігінің фронт-офисінде 7 мемлекеттік қызмет көрсетіледі

«Сарыарқа» ауданы әкімдігінің фронт-офисінде 7 мемлекеттік қызмет көрсетіледі



2022-нші жылы аудан аппаратының мемлекеттік қызметтер көрсететін фронт-офисіне 34 мыңнан астам адам жүгінді. 2018 жылдан бері “бір терезе” қағидаты бойынша жұмыс жасайтын фронт-офисте мемлекеттік қызметтердің 7 түрін алуға болады.

Фронт-офистің басты мақсаты - тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді қолжетімді ету. Қазірге күнде ашық алаңда АХАЖ, әлеуметтік көмек, ауланы абаттандыру, санитарлық тазалау және т.б. бағыттар бойынша сұрақтарға жауап алуға болады. Сонымен қатар, ақпан айынан бастап әкімдікте міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) бойынша тегін кеңес алуға болады.

Фронт-офистен бөлек тұрғындар өз өтініштері мен сұрақтарын «Сарыарқа ауданы» телеграмм чатына жазып, мамандардан жедел жауап ала-алады. Астаналықтар сұрақтарын ikomek, Е-Өтініш ақпарат жүйелеріне де жібере алады.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Сарыарқа Ауданы Әкімі Аппараты (@saryarqa.audany)