Меню

Страницы

Статья

Атқарылған жұмыстарға шолу

Тұрғындармен кездесулер

Тұрғындармен кездесулерді аудан әкімі – Жүсіп Жұмағұлов және Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының мамандары күнделікті негізде жүзеге асырады. Әкімнің кездесулерінде тұрғындар көтеретін негізгі тақырыптар: абаттандыру, құрылыс, көшелерді асфальттау. Аудан әкімінің тұрғындармен кездесуі нәтижесінде тұрақты негізде үш негізгі санатқа бөлінген іс-шаралар жоспары құрылады: қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді. Жүсіп Жұмағұлов тағайындалғаннан бері іс-шаралар жоспарына 271 сұрақ енгізілді. Оның ішінде 24.04.2022 жағдай бойынша 38 сұрақ орындалды, жұмыста 220 сұрақ, 13 орындалмады. Жұмыстағы көптеген сұрақтар жыл мезгіліне байланысты. Мысалы: ауланы абаттандыру және көгалдандыру. Олардың арасында алдағы 3-5 жылға арналған қалалық басқармалардың жұмыс жоспарларына енгізілген ұзақ мерзімді мәселелер де бар. Мысалы: асфальттау, әлеуметтік нысандар, қоғамдық кеңістіктер құрылысы, орталық жылуға қосылу және т. б. Әрбір мәселені толық қарау үшін кездесулерге мемлекеттік басқармалар, мердігерлер, құқық қорғау органдары және т. б. шақырылады.

Көшпелі кездесулерді әкімнің орынбасарлары, әкімнің инспекторлары, Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының мамандары да жүзеге асырады. Кездесулерде МИБ құру туралы, «Халық қатысатын бюджет» жобасына қатысу туралы және т.б. сұрақтар бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Бұдан басқа, тұрғындар айтқан әрбір мәселе мен ұсыныс маманның, инспектордың және әкім орынбасарының жеке бақылауына алынады.

Аудан әкімінің жеке қабылдаулары

Тұрақты негізде аптасына екі рет Сарыарқа ауданының әкімі «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында және «Ашық әкімдік» алаңында жеке қабылдаулар өткізеді. Тағайындалған сәттен бастап (10.02.2022) аудан әкімі 20 жеке кездесу өткізіп, 172 адамды қабылдады. Жеке қабылдаулардың негізгі мәселелері: азық-түлік себетін алу, кәсіпкерлікті дамыту, тұрғын үй кезегі, аулалар мен көшелерді абаттандыру.

Әлеуметтік желілердегі тікелей эфирлер

Ағымдағы жылдың 4-24 сәуір аралығында Жүсіп Жұмағұлов таңғы аралау кезінде 9 тікелей эфир өткізді. Ұзақтығы 60-тан 150 минутқа дейінгі әрбір эфирге орта есеппен 140 адам кіреді. Әлеуметтік желілердегі парақшада аралап өтудің толық маршруты бір күн бұрын жарияланады, содан кейін аталған үйлердің тұрғындары өз ескертулерін жазба астына қалдыра алады. Аралау кезінде тұрғындар онлайн және офлайн режимде де қосылады. Мамандар тікелей эфир және аралау кезінде тұрғындардан келіп түскен барлық сұраныстарды жұмысқа қабылдайды. Аралау нәтижесінде фотосуреттері бар альбом қалыптасады. Өтінім орындалғаннан кейін «дейін» және «кейін» фотосуреттері аудан әкімдігінің әлеуметтік желілерінде жарияланады.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер тұрғындардың сұраныстарын алудың негізгі көзі болып табылады. Сұраныстар аудан әкімінің парақшасы және Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының парақшасы арқылы қабылданады. Telegram мессенджерінде тұрғындармен және әкіммен, әкім орынбасарларымен, мамандармен «Сарыарқа ауданы» арнасы құрылды. Онда барлық сұраныстарға жедел жауаптар беріледі. 10 ақпаннан бастап әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы... сұраныстар алынды, олардың 90%-ы жауап берді.

iKomek

Жыл басынан бері iKomek арқылы 5209 өтініш келіп түсті. Оның 4298-не жауап берілді. Орындалу мерзімінің регламенті бұзылған сұраулар жоқ

Дата публикации
25 апреля 2022
Дата обновления
25 апреля 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

30 сентября 2025
Жаңа қоғамдық кеңістікте 350-ден астам ағаш отырғызылды
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
14 марта 2023
Ақпарат

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы