Сарыарқа ауданында, Жамбыл көшесі 8 мекенжайында заманауи қоғамдық кеңістік пайда болды. Бұрын бос жатқан жер телімі аудан тұрғындары үшін қолайлы демалыс аймағына айналды.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында белсенді тұрғындардың, мәслихат депутаттарының, аудан аппаратының, Ардагерлер кеңесінің, мемлекеттік органдар мен коммуналдық қызмет өкілдерінің қатысуымен ауқымды ағаш отырғызу шарасы өтті. 350-ден астам ағаш, соның ішінде қарағаш, жөке, бадам және басқа да түрлер егілді.
Жаңа аумақта жаяу жүргіншілер аллеясы мен жасыл аймақ қарастырылған. Бұл кеңістік бұрын К. Күмісбеков көшесі, 7 мекенжайында абаттандырылған қоғамдық аумақтың жалғасы болмақ. Онда бұған дейін 800 түп ағаш отырғызылған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram