Посмотреть эту публикацию в Instagram
20 қаңтардан бастап «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша жобалық ұсыныстарды қабылдауды бастады. Елорданың әрбір тұрғыны ауданды жақсарту бойынша жоспар әзірлеп, бағдарламаға өтініш бере алады.
Өтініш беру үшін:
1. www.saryarqa.astana.kz сайтына кіріңіз
2. Басты бетте «Халық қатысатын бюджет-2023» батырмасын табыңыз
3. Ашылған бетте «Ұсыныс жіберу» батырмасын басыңыз
4. Жобаның атауын, сипаттамасын, орналасқан жерін көрсет. Барлық бос жолдарды толтырыңыз.
5. Жобалық ұсыныстың файлдарын тіркеңіз.
Өтінімдерді қабылдау 1 наурызға дейін жалғасады. Осыдан кейін барлық жобаларды сараптамалық кеңес мүшелері қарайды. Сараптамалық кеңес мақұлдаған жобалар тұрғындардың дауыс беруіне ұсынылатын болады. Дауыс беру 5-нші сәуірден 24-нші сәуірге дейін жалғасады.