Меню

Страницы

Статья

«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасына жобалар дайындау бойынша дәріс өткізіледі



Өткен жылы «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасының сараптамалық кеңесі тұрғындардың өтінімдерінің 40%-ын қабылдамады. Ұсынылған 73 жоспардың 29-ы бағдарламаның критерийлері мен ережелеріне сәйкес жасалмаған болып танылды. Дауыс беру кезеңіне өтетін егжей-тегжейлі жобаны қалай құруға болатыны туралы «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша өткізілетін дәрісте айтылады.

Тегін дәрісте тұрғындарға жобалық ұсыныстарға қойылатын критерийлер мен қатысу ережелері түсіндіріледі. Сондай-ақ, спикерлер жобаны қалай дұрыс визуализациялау және іске асыруға керек соманы есептеу жайында кеңестермен бөліседі.

Өз аулаңызды егжей-тегжейлі талдау және кеңес алу үшін өзіңізбен бірге абаттандыру жоспарланған аумақтың бейнесі мен нақты өлшемдерін алып келуіңіз керек екенін атап өткен жөн. Дәріске тіркелу үшін  https://forms.gle/HtELB5fYbHjWemsx9  сілтеме бойынша өту керек. Дәріс 28 қаңтарда сағат 11:00-де Сарыарқа даңғылы, 13 мекенжайында өтеді. Дәріске тіркелу 26-ншы қаңтар күні тоқтатылады.

Естеріңізге сала кетейік, 20 қаңтардан бастап «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасына жобалық ұсыныстарды қабылдауды бастады. Өтінімдер 1 наурызға дейін қабылданады. Осы кезеңде тұрғындар нақты өзгерістерді және жоба үшін қажетті соманы көрсете отырып, абаттандыру жоспарын әзірлеуі керек. Дайын жоспарды қала тұрғындары аудандық аппараттың ресми сайтына жүктейді. Өтінімдер техникалық тексеру және талдау кезеңінен соң тұрғындардың дауыс беруіне шығарылады.

Дата публикации
24 января 2023
Дата обновления
24 января 2023
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

30 сентября 2025
Жаңа қоғамдық кеңістікте 350-ден астам ағаш отырғызылды
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Ақпарат
14 марта 2023
Ақпарат

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы