20 қаңтардан бастап "Сарыарқа" ауданы әкімінің аппаратында "Халық қатысатын бюджет" жобасына өтінімдер қабылдау басталды.
Тұрғындардың сұрақтарына жауап беру үшін осы постта критерийлер, мерзімдер және т.б. маңызды ақпаратты жинадық.
Ережелердің толық мәтіні www.saryarka.astana.kz сайтында "Халық қатысатын бюджет-2023" - "Қатысу ережелері" бөлімдерінде бар.
Айта кетейік, 5 жылдан бері "Сарыарқа" ауданында "Халық қатысатын бюджет" жобасы жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде тұрғындардың 54 бастамасы іске асырылды. Өткен жылы ауданда 45 аула жаңартылды. Оның 23-і тұрғындардың елорда бюджетіне қатысуы аясында жасалды.