GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Онлайн қабылдау
Құжаттар
Все материалы
05 октября 2026
Құрметті ұстаздар!

Сіздерді Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ұстаздық – үлкен жауапкершілік пен жүрек жылуын талап ететін мәртебелі мамандық.

Сіздер жас ұрпаққа білім беріп қана қоймай, олардың тұлға болып қалыптасуына жол көрсетіп, өмірге деген сенімін қалыптастырасыздар. Еңбектеріңізге алғысымыз шексіз!

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс және шәкірттеріңіздің биік жетістіктерін тілейміз. Ұстаз еңбегі әрдайым құрметке лайық! Мерекелеріңіз құтты болсын!

24 августа 2026
«САРАЙШЫҚ» АУДАНЫНДА ЖАҢА ҚОҒАМДЫҚ КЕҢІСТІК АШЫЛДЫ

«Сарайшық» ауданында А. Бөлекпаев көшесі, 9/1 мекенжайында жаңа қоғамдық кеңістіктің салтанатты ашылуы өтті.

Жаңа кеңістік тұрғындардың бос уақытын тиімді өткізуіне, балалар мен жасөспірімдердің спортпен айналысуына және аудан тұрғындары үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Қоғамдық кеңістікті абаттандыру аясында 900 шаршы метр аумаққа тас төсемі төселіп, 3 көлеңкелі демалыс орны орнатылды. Сонымен қатар футбол алаңы мен воркаут аймағы жабдықталып, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орналастырылды.

Аумақта жарықтандыру жүйесі де орнатылды. Мұнда 15 саябақтық және 4 көшелік жарықтандыру тірегі қойылды.

Кеңістікті көгалдандыру жұмыстары жалғасуда. Жоба бойынша барлығы 200 ағаш отырғызу жоспарланған, қазіргі уақытта 60 ағаш отырғызылды.
Қоғамдық кеңістіктің ашылуына орай мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Оның аясында «Сарайшық» ауданының 13–15 жас аралығындағы балалар футбол командалары арасында турнир өтті.

Сондай-ақ, тұрғындар мен балалар үшін концерттік және ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылып, аниматорлар қатысты.

Іс-шара барысында жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттауға назар аударылады. Ол «Астана — есірткісіз қала!» ұранымен өтті.

Жаңа қоғамдық кеңістіктің ашылуы — тұрғындарға жайлы демалыс орнын қалыптастыруға, балалар мен жастарға арналған спорттық инфрақұрылымды дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және аудан тұрғындарының басын біріктіретін орта қалыптастыруға бағытталған.

05 августа 2026
«1000 орын - көше саудасы»

«Заң мен тәртіп» және «Таза Қазақстан» бастамаларын іске асыру аясында «Сарайшық» ауданында «1000 орын - көше саудасы» бағдарламасы шеңберінде орналастырылған павильондарға бірлескен мониторинг жүргізілді.

Аталған іс-шараға аудан әкімдігі аппаратының, Төтенше жағдайлар басқармасының, Полиция басқармасының, Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ «Astana ӘӘК» АҚ өкілдері қатысты.

Мониторинг барысында қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуы, оның ішінде эскиздік жобаларға сәйкестігі, абаттандыру жағдайы, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы, көші-қон заңнамасының орындалуы, нысандардың нысаналы мақсаты, сондай-ақ бақылау-кассалық аппараттардың болуы мәселелері қаралды.

Аталған бағыттағы жұмыс жалғасуда.

05 августа 2026
«Сарайшық» ауданында салық түсімдері мәселелері бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен жиналыс өтті

Кеңесте бюджетке түсетін ағымдағы түсімдер, проблемалық мәселелер, кіріс бөлігін ұлғайту және берешекті азайту шаралары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

16 февраля 2026
15 наурыз күні маңызды саяси оқиға өтеді

15 наурыз күні маңызды саяси оқиға – референдум өтеді. Бұл – ел болашағына қатысты шешім қабылдауға әр азаматтың тікелей қатысу мүмкіндігі.
Әрқайсымыздың дауысымыз маңызды! Белсенді азаматтық ұстаным – ортақ жауапкершілігіміздің көрінісі.

Қосымша ақпаратты мына жерден ала аласыздар:

Ресми веб-сервис: https://referendum.astana.kz

Telegram чат-бот: https://t.me/referendum_astana_bot

 

 

 

21 ноября 2025
ҚОҒАМДЫҚ ТАЛҚЫЛАУЛАР

Құрметті "Сарайшық" ауданының тұрғындары! Қоғамдық көлікті жылдам әрі қолайлы ету мақсатында Астана қаласының "Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы", «City Transportation Systems» ЖШС, «АстанаГенплан» ЖШС және қалалық мобильділікке маманданған "Future of Mobility" компаниясымен бірлесіп, бағдарлық желіні жаңарту бойынша ұсыныстар әзірледі.

Негізгі идея — бағдарларды үш санатқа бөлу:

🔵Магистралдық бағдарлар — негізгі көшелер мен арнайы жолаушылар жолақтары бойынша барынша түзу бағытпен, қозғалыс аралығы 10 минутқа дейін. Осы санатты "М" әрпімен белгілеу ұсынылады;

🟢Жеткізуші бағдарлар — ең жақын тораптық аялдамаларға, ЛРТ станцияларына және ірі нысандарға дейінгі қысқа бағыттар, қозғалыс аралығы 10–15 минут. 100-ден 199-ға дейінгі нөмірлермен белгілеу ұсынылады;

🟡Ауданаралық бағдарлар — қаланың басқа аудандарына тікелей қатынайтын бағдарлар. Қолданыстағы бағдарлар ауданаралық ретінде сақталады.

"Сарайшық" ауданы бойынша негізгі ұсыныстар:

• м65* — жаңа бағдар: М.Жұмабаев даңғ. мен Кенесары көшесі бойымен тікелей ескі қалаға дейін;

• м75* — жаңа бағдар: «Нұрлы Жол» теміржол вокзалынан Ж.Нәжімеденов, Сарайшық және Қ.Мұхамедханов көшелері арқылы УМТО-ға дейін;

• м76* — жаңа бағдар: «Нұрлы Жол» теміржол вокзалынан А.Байтұрсынұлы және Сығанақ көшелері арқылы "Жағалау" тұрғын алабына дейін;

• м86* — «Нұрлы Жол» теміржол вокзалынан Жағалауға дейін С.Шәймерденов көшесі, Абылай хан даңғ., «Встреча» аумағы, Кенесары көшесі, Қорғалжын тас жолы және Айтеке би көшесі арқылы; Болашақта "Газмашаппарат" АҚ аралы арқылы түзету жоспарда бар;

• 112* — ішкі аудандық бағыт: №2 Балалар ауруханасы және К.Әзірбаев көшесі арқылы Ақбидай ТҮК-тен "Ұлттық музей" ЛРТ станциясына дейін;

• 175* — "Күйгенжар" тұрғын алабынан «Нұрлы Жол» теміржол вокзалына дейінгі бағдар, "Мичурино" , "Интернациональный", "Достық" және "Отау" тұрғын алаптары арқылы. (* — жаңа бағдарлардың нөмірленуі алдын ала берілген, іске қосу кезінде өзгеруі мүмкін.)

Ұсыныстарды талқылау үшін барлық "Сарайшық" ауданының тұрғындарын қоғамдық тыңдауға шақырамыз.

📍 Өтетін орын: №98 мектеп-лицейі, Ж. Нәжімеденов көшесі, 8

🗓 Күні: 26 қараша (сәрсенбі)

🕙 Басталу уақыты: 10:00

10 ноября 2025
"Сарайшық" ауданындағы қар тазалау жұмыстары
200-ге жуық арнайы техника мен 400 жол жұмысшысы "Сарайшық" ауданын қардан тазартуда.
 
Ең алдымен жаяужолдар мен ең қауіпті учаскелер (көпірлер, эстакадалар) тазаланады, содан кейін жолдар өңделеді, содан кейін аула аумақтары тазартылады. Қар тазалау жұмыстары жедел, қар жауғаннан кейін бірден жүргізіледі.
 
Жиналған қар мамандандырылған алаңдарға шығарылып, көктайғаққа қарсы өңдеу жұмыстары жүргізіледі.
24 июля 2025
ТҮНГІ ҚАЛАДАҒЫ БАЛАЛАР

2025 жылдың 27-29 шілдесі аралығында аудан аумағында ҚР Ішкі істер министрлігінің ұйымдастыруымен «Түнгі қаладағы балалар» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтеді.

Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үлкендердің қарауынсыз жүруінің алдын алу, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау, сондай-ақ ата-аналардың жауапкершілігін арттыру.

23 июня 2025
Құрметті әріптестер, сіздерді Мемлекеттік қызметшілер күнімен құттықтаймыз!
17 мая 2025
«ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖЫЛЫ» АЯСЫНДАҒЫ СПАРТАКИАДАҒА 300-ДЕН АСТАМ ҚАТЫСУШЫ ЖИНАЛДЫ

Бүгін Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында қала ұйымдарының қызметкерлері арасында спартакиада бастау алды.

Ашылу салтанатында қатысушыларды Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Азамат Ағзамов құттықтады:

– Бүгін біз ерекше спорттық іс-шараға жол ашып отырмыз. Бұл – Жұмысшы мамандықтар жылына арналған маңызды бастама. Оның басты мақсаты – салауатты өмір салтын дәріптеу және ұжымдар арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту. Бұл тек спорттық бәсеке емес, бұл – еңбек адамдарының бірлігі мен мақсаткерлігін, рухының мықтылығын айқындайтын нағыз мереке, – деді ол.

Спартакиаданың мақсаты – ұжымды біріктіріп, корпоративтік мәдениетті дамыту, командалық рухты, табандылық пен ерік-жігерді қалыптастыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау.

Жарысқа қаланың түрлі саладағы кәсіпорындары мен ұйымдарынан 9 команда, жалпы саны 300-ден астам қатысушы қатысуда. Бағдарламаға армрестлинг, асық ату, бес асық, гир спорты, арқан тарту және волейбол сынды спорт түрлері енгізілген.

Спартакиада 18 мамыр күні жеңімпаздарды марапаттау рәсімімен аяқталады. Жүлделі 1, 2 және 3 орын иегерлеріне кубоктар табысталып, барлық қатысушылар естелік медальдармен марапатталады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы