Астана қаласы «Нұра» ауданы әкімдігінің Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясы 2025 жылғы 30 мамырдағы №157 қаулысының негізінде жұмыс істейді. Комиссия отырыстарында құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмағандарға қатысты материалдар жүйелі түрде қаралады.
2025 жылдың 28 қараша күні жағдайы бойынша Комиссияның 5 отырысы өткізіліп, 11 іс қаралды.
Комиссия құрамында құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ қалалық басқармалардың (қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, дене шынықтыру және спорт басқармасы, білім басқармасы, мәдениет басқармасы, дін істері басқармасы, жастар саясаты мәселелері басқармасы және басқа да құзыретті органдар) өкілдері бар.