Астана қаласы мәслихатындағы «Ақ жол» ҚДП фракциясының кезекті отырысы Асқар Смағұловтың төрағылығымен өтті.
Отырыс барысында депутаттардың комиссиялардағы жұмыстары аясындағы өзекті мәселелер мен ұсыныстар, партияның апталық жалпы отырысына шығарылатын бастамалар, сондай-ақ партияның Астана қалалық филиалы қалалық кеңесінің алдағы отырысына қатысты мәселелер талқыланды.