Меню

Страницы

Статья

Қалалық мәслихатта Астана қаласының Қоғамдық кеңесі мүшелігіне кандидаттармен әңгімелесу өтті (05.03.2025)

Бұл қоғамдық институттың мәртебесі мен өкілеттігі, сондай-ақ қалыптастыру тәртібі «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңымен, Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережемен реттеледі. Шын мәнінде, бұл қаржыландырылмайтын және оған мүшелік Қоғамдық кеңестің құрамына кірмейтін Қоғамдық кеңестің хатшысы лауазымынан басқа өтеусіз қоғамдық сипатқа ие қоғамдық ұйым. Қоғамдық кеңестің өкілеттік мерзімі үш жылды құрайды. Қоғамдық кеңестің шешімдері мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қарауы үшін міндетті сипатқа ие ұсынымдар болып табылады. Жергілікті деңгейде Қоғамдық кеңестің қызметін ұйымдастырушылық қамтамасыз етумен Астана қаласының мәслихаты айналысады.

Жұмыс тобы Қоғамдық кеңес туралы ереженің жобасын әзірледі, ол Қоғамдық кеңестің отырысында бекітілді. «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңының 8-бабына сәйкес, жұмыс тобының жетекшісі азаматтық қоғам өкілі, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті Бану Нұрғазиева болып табылады.

Екі күн бойы, ағымдағы жылдың 5-6 наурызында жұмыс тобы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарды конкурстық іріктеу өткізді.

Айта кету керек, Қоғамдық кеңес мүшелігіне үміткерлердің арасында білім беру ұйымдарының, ЖК, ЖШС, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, банк қызметкерлері, мәдениет өкілдері болды. Олардың едәуір бөлігі өзін-өзі ұсынушылар (71%).

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттар үшін сұрақтар тізбесіне олардың кәсіби және жеке қасиеттерін анықтауға, сондай-ақ Қоғамдық кеңестер туралы заңнаманы білу деңгейін айқындауға бағытталған сұрақтар енгізілді.

Кандидаттарды іріктеу рәсімі аяқталғаннан кейін Қоғамдық кеңестің жаңа құрамы қалалық мәслихаттың сайтында орналастырылатын болады.

Дата публикации
03 апреля 2025
Дата обновления
03 апреля 2025
Тип

Сейчас читают

30 сентября 2026
Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2025 жылғы қазаннан 2026 жылғы қыркүйекке дейінгі кезең бойынша есебі
30 сентября 2026
Астана қаласы мәслихатының 2026 жылдың IV-ші тоқсанына арналған жұмыс жоспары
09 сентября 2026
Азаматтардың мәселесі – назарда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы