Меню

Страницы

Статья

Астана қалалық Қоғамдық кеңесін мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарландыру (13.02.2025)

Астана қалалық Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобы Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына (бұдан әрі - Заң), Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгі ережеге сәйкес Астана қалалық Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау жөнінде конкурс өткізетіні туралы хабарлайды.

Қоғамдық кеңестің сандық құрамы 31 адам.

Конкурсқа қатысуға тілек білдіретін азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері Қоғамдық кеңестің мүшелерін іріктеу жөнінде конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейін он жұмыс күні ішінде келесі құжаттарды қолма-қол табыстайды немесе төменде көрсетілген электронды адреске жолдайды:

1) Қоғамдық кеңестің құрамына үміткер ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші (1 және 2 қосымшалар);

2) өмірбаян деректері көрсетілген үміткердің кәсіби және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер (3 қосымша);

3) сотталғандығы барлығы не болмаса жоқтығы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлық бұзылыстары (аурулары), соның ішінде психикалық белсенді заттарды пайдаланумен байланысты психикалық, мінез-құлық бұзылыстарының (ауруларының) барлығы не болмаса жоқтығы туралы анықтама;

5) үміткердің дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімі.

Заңның 10-бабының 1-тармағына сәйкес үміткерлерге қойылатын талаптар:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынып тасталмаған соттылығы болмауы тиіс;

2) заңмен белгіленген тәртіппен соттпен сыбайлас жемқорлық қылмысын және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшін кінәлі деп танылмауы тиіс;

3) психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда психикалық, мінез-құлық бұзылыстарына (ауруларына), соның ішінде психикалық белсенді заттарды пайдаланумен байланысты психикалық, мінез-құлық бұзылыстарына (ауруларына) байланысты есепте тұрмауы тиіс.

Құжаттарды қабылдау 2025 жылғы ақпанның 14-нен 27-сі аралығында жүргізіледі.

Құжаттар Астана қ., Бейбітшілік көш., 11 үй, 218 кабинет мекенжайындағы «Астана қаласы мәслихатының аппараты» ММ-не табыс етіледі немесе astana@maslihat01.kz электронды почтасына жолданады.

Анықтама үшін телефондар: 55-66-31, 55-66-37.

 

 

 

Дата публикации
03 апреля 2025
Дата обновления
03 апреля 2025
Тип

Сейчас читают

30 сентября 2026
Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2025 жылғы қазаннан 2026 жылғы қыркүйекке дейінгі кезең бойынша есебі
30 сентября 2026
Астана қаласы мәслихатының 2026 жылдың IV-ші тоқсанына арналған жұмыс жоспары
09 сентября 2026
Азаматтардың мәселесі – назарда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы