Меню

Страницы

Статья

Астана қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы мүшелерінің отырысы (12.02.2025)

Қалалық мәслихатта Астана қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті.

Отырысты ашу барысында мәслихат төрағасы Табиғат Зейнұлқабден 2025 жылғы 10 ақпанда конкурстық негізде жұмыс тобының құрамына 6 мүше іріктелгенін, ол электрондық дауыс беру жүйесін пайдалана отырып, ашық дауыс беру арқылы жүзеге асырылғанын айтты.

Заңнаманың талаптарына сәйкес жергілікті деңгейдегі жұмыс тобының құрамын мәслихат төрағасы бекітеді.

Осыған байланысты мәслихат төрағасы 9 адамнан тұратын жұмыс тобының құрамын бекітті, оның ішінде 6-ы - коммерциялық емес ұйымдардың мүшелері, азаматтар және 3-і - мемлекеттік органдардың өкілдері.

Мәслихат төрағасы азаматтық қоғамнан өкілдердің тізімін жариялады:

  1. Бисенова Анара Гимрановна
  2. Болатова Айгүл Рахымқызы
  3. Есмағанбетова Салтанат Мырзағұлқызы
  4. Қожахметов Шыңғысхан Шопанұлы
  5. Нурғазиева Бану Ғаниқызы
  6. Шахаров Танат Орынбекқызы

Көпшілік дауыспен Астана қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының басшысы болып Бану Нұрғазиева сайланды.

Отырыс барысында жұмыс тобы Қоғамдық кеңес мүшелерінің сандық құрамын анықтады (31 адам). Сайланған жұмыс тобы Қоғамдық кеңестің жаңа құрамына құжаттарды қабылдау туралы хабарлама дайындайтын болады.

Дата публикации
03 апреля 2025
Дата обновления
03 апреля 2025
Тип

Сейчас читают

30 сентября 2026
Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2025 жылғы қазаннан 2026 жылғы қыркүйекке дейінгі кезең бойынша есебі
30 сентября 2026
Астана қаласы мәслихатының 2026 жылдың IV-ші тоқсанына арналған жұмыс жоспары
09 сентября 2026
Азаматтардың мәселесі – назарда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы