«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің 15-тармағына, Астана қаласы мәслихаты төрағасының 2025 жылғы 27 қаңтардағы № 8-ө «Жұмыс тобының сандық құрамын айқындау туралы», 2025 жылғы 28 қаңтардағы № 9-ө «Мемлекеттік органнан өкілдіктің дербес құрамын айқындау туралы» өкімдеріне сәйкес, Астана қаласы мәслихаты төрағасының 2025 жылғы 11 ақпандағы № 21-ө, өкімімен Астана қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының (бұдан әрі – Жұмыс тобы) құрамы бекітілді.
Мәселен, коммерциялық емес ұйымдардан кандидаттардың және ашық дауыс беруге қатысқан азаматтардың көпшілік дауысымен жүзеге асырылатын жұмыс тобының құрамына конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша азаматтық қоғамнан өкілдік мынадай құрамда бекітілді:
Астана қаласы мәслихаты төрағасының 2025 жылғы 28 қаңтардағы № 9-ө «Мемлекеттік органнан өкілдіктің дербес құрамын айқындау туралы» өкіміне сәйкес мемлекеттік органнан өкілдік мынадай құрамда бекітілді: