Меню

Страницы

Статья

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу (10.02.2025)

Қалалық мәслихатта Табигат Зейнулқабденнің төрағалығымен Астана қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі Жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша отырыс өтті.

"Қоғамдық кеңестер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және қоғамдық Кеңес туралы Үлгілік ережеге сәйкес Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамы мемлекеттік органдардың өкілдері қатарынан және конкурстық негізде коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мен белсенді азаматтар қатарынан қалыптастырылады.

Заңнама нормаларына сәйкес жұмыс тобының сандық құрамын, сондай-ақ мемлекеттік органнан өкілдіктің дербес құрамын мәслихат төрағасы айқындайды.

Жұмыс тобының сандық құрамы-9 адам, оның ішінде: мемлекеттік органның 3 өкілі және азаматтық қоғамның 6 өкілі.

Жұмыс тобының құрамына іріктеу рәсімі электрондық дауыс беру жүйесін пайдалана отырып, ашық дауыс беру арқылы өткізілді. Конкурсқа 9 адам қатысты, бұл ретте заңнамаға сәйкес кандидаттың өзі өз кандидатурасы үшін дауыс беруге қатысқан жоқ. Дауыс беру рәсімінің алдында кандидаттар өздерін ұсынды және өз қызметі туралы айтып берді, содан кейін ашық дауыс беру өтті.

Отырыс соңында мәслихат төрағасы Табигат Зейнулкабден көп дауыс жинаған кандидаттардың тізімін айтып, Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының құрамы қалалық мәслихаттың сайтында орналастырылатынын мәлімдеді.

Дата публикации
03 апреля 2025
Дата обновления
03 апреля 2025
Тип

Сейчас читают

30 сентября 2026
Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2025 жылғы қазаннан 2026 жылғы қыркүйекке дейінгі кезең бойынша есебі
30 сентября 2026
Астана қаласы мәслихатының 2026 жылдың IV-ші тоқсанына арналған жұмыс жоспары
09 сентября 2026
Азаматтардың мәселесі – назарда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы