Меню

Страницы

Статья

Астана қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру (28.01.2025)

Астана қаласының мәслихаты Астана қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Жұмыс тобының сандық құрамы 9 адам, олардың 3-уі мемлекеттік органның өкілдері, 6-уы коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, Қазақстан Республикасының азаматтары.

Конкурс «Қоғамдық кеңес туралы» Үлгі ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің   2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығының талаптарына сәйкес коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, Қазақстан Республикасының азаматтары арасында өткізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері мынадай құжаттарды қолма-қол табыстайды немесе төменде көрсетілген электрондық поштаға жібереді:

1) нысан бойынша өтініш (1 қосымша);

2) коммерциялық емес ұйымның жұмыс тобының мүшелігіне кандидатура (бар болса) ұсыну туралы жазбаша ұсынысы;

3) кандидаттың өмірбаяндық деректері көрсетілген кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

4) соттылығының болуы не болмауы туралы анықтама;

5) психикалық, мінез-құлық бұзылыстарының (ауруларының), оның ішінде психоактивті заттарды пайдаланумен байланысты бұзылыстардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама;

6) кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімі.

Жұмыс тобының отырыстарына қатысуға үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын дауыс беру құқығы жоқ байқаушылар жіберілетініне назар аударамыз.

Астана қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысына байқаушы ретінде қатысу үшін байқаушы болуға ниет білдірген адам нысан бойынша өтініш береді (2 қосымша).

Құжаттарды қабылдау 2025 жылғы 29 қаңтар мен 4 ақпан аралығында жүргізіледі.

Құжаттар Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11, 218-кабинет мекенжайындағы «Астана қаласы мәслихатының аппараты» ММ-не табысталады немесе astana@maslihat01.kz электрондық поштасына жолданады.

Анықтама телефондары: 55-66-37.

Дата публикации
03 апреля 2025
Дата обновления
03 апреля 2025
Тип

Сейчас читают

30 сентября 2026
Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2025 жылғы қазаннан 2026 жылғы қыркүйекке дейінгі кезең бойынша есебі
30 сентября 2026
Астана қаласы мәслихатының 2026 жылдың IV-ші тоқсанына арналған жұмыс жоспары
09 сентября 2026
Азаматтардың мәселесі – назарда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы