Меню

Страницы

Статья

Астана қаласы Қоғамдық кеңесінің төрағасы

Астана қаласы Қоғамдық кеңесі төрағасының м.а.

Құрманәлиев Кәрімбек Арыстанбекұлы 1962 жылғы 20 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы Жамбыл ауылында дүниеге келген.

2026 жылғы тамыздан бастап Астана қаласы Қоғамдық кеңесі төрағасының міндетін атқарады.

Алматы шет тілдері педагогикалық институтын, «Қайнар» университетін және Қазақ мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Мамандығы бойынша педагог, заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару саласының маманы.

Еңбек жолын Алматы шет тілдері педагогикалық институтында кәсіподақ комитетінің төрағасы және проректор қызметтерінен бастаған. Кейін Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде шет тілдері кафедрасының меңгерушісі, «Қайнар» университетінің вице-президенті - ректоры,                                 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің инновациялық қызмет жөніндегі проректоры, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

Марапаттары:

  • «Парасат» ордені (2022); «Құрмет» ордені (2012);
  • «Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы» (2005);
  • Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының «Әл-Фараби» атындағы алтын медалі (2008);
  • «Ы. Алтынсарин» медалі (2006);                                            
  • «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі (2002).
Дата публикации
21 февраля 2023
Дата обновления
29 августа 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

30 сентября 2026
Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2025 жылғы қазаннан 2026 жылғы қыркүйекке дейінгі кезең бойынша есебі
30 сентября 2026
Астана қаласы мәслихатының 2026 жылдың IV-ші тоқсанына арналған жұмыс жоспары
09 сентября 2026
Азаматтардың мәселесі – назарда

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы