
1962 жылы 14 мамырда Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы Рощино ауылында дүниеге келген.
Білімі:
Еңбек жолын 1990 жылы ассистент ретінде бастады.
1999-2004 жылдары - «Тіршілік қауіпсіздігі және мал шаруашылығын механикаландыру» кафедрасының меңгерушісі.1992-1993 жылдар аралығында - жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультетінің деканы, ал 1993-1998 жылдары Ауыл шаруашылығын механикаландыру факультетінің деканы болды.
2004 жылдан бастап С. Сейфуллин атындағы КАТУ-дың бірінші проректоры болып тағайындалды. 2008 жылы «С. Сейфуллин атындағы ҚазАТУ» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары болып сайланды.
Мемлекеттік наградалар және алғыс хаттар:
160-тан астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 9 авторлық куәлік пен өнертабысқа патенттің, 5 оқулықтың,10 оқу құралының, 5 электрондық оқулықтың, Хирш-1 индексінің авторы.
Үйленген, 2 ұлы бар.
«AMANAT» Партиясының мүшесі.
2021 жылғы 14 қаңтарда Астана қаласы мәслихатының жетінші сайланымның депутаты болып сайланды.
Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік - мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі.