«Астана қаласының Мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі Республика даңғылы, 34 мекен-жайында орналасқан Астана қаласы әкімдігінің «Жастар» сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры бос лауазымына конкурс жариялайды.

«Астана қаласының Мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі  Республика даңғылы, 34 мекен-жайында орналасқан Астана қаласы әкімдігінің «Жастар» сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры бос лауазымына конкурс жариялайды.

          Лауазымдық міндеттері:

-  мәдени-демалыс ұйымының қызметіне басшылық жасайды (iығармашылық, әдістемелік, мәдени-ағарту жұмыстары);

- ұйымның өндірістік, шаруашылық және қаржылық қызметіне басшылық етеді;

- мүліктің сақталуын және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;

- сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

- шарттарды және мәмілелерді жасайды, қажетті есептіліктердің ұсынылуын қамтамасыз етеді;

- еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.

         Мыналарға жауапты болады:

- қаржы-шаруашылық қызметіне, мүліктің сақталуына;

- таза кірістің белгіленген бөлігін бюджетке уақтылы аудармағаны үшін;

- Қазақстан Республикасының заңнамасымен оған жүктелген өзге де функциялары үшін.

         Білуге ​​тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, ҚР әкімшілік рәсімдік-процесстік кодексін, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мәдениет туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, сондай-ақ ішкі еңбек тәртібі, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі.

         Біліктілікке қойылатын талаптар: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: педагогикалық ғылымдар, өнер, гуманитарлық ғылымдар, әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат, бизнес, басқару және құқық; инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы және/немесе ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және/немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика және/немесе қызметтер; мәдениет саласында немесе басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

         Конкурсқа қатысуға үміткер келесі құжаттарды ұсынады:

- конкурсқа қатысуға өтініш;

- мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме;

- білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

- еңбек кітапшасының көшірмесі;

- № 075/у нысанындағы денсаулығы туралы анықтама.

         Конкурсқа қатысушылар конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде 010000, Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 11 мекенжайы бойынша «Астана қаласының Мәдениет басқармасы» ММ, 7 қабат, 749 кабинетке қажетті құжаттарды тапсыруы қажет, анықтама телефондары: 55 01 86, 55 67 75.

 

«Астана қаласының Мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесі Республика даңғылы, 34 мекен-жайында орналасқан Астана қаласы әкімдігінің «Жастар» сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының директоры бос лауазымына конкурс жариялайды
Дата публикации
18 апреля 2024