Меню

Страницы

Статья

"Қазпошта" АҚ арқылы шалғайдағы елді мекендерде "БЖЗҚ" АҚ қатысуын кеңейту

Еліміздің шалғай елді мекендерінде трансферагенттік қызмет көрсетуді дамыту, сондай-ақ, Қазақстанның барлық тұрғындарына зейнетақы қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында БЖЗҚ АҚ "Қазпошта" АҚ-мен бірлесіп, Қор қызметтеріне "Қазпошта"АҚ бөлімшелерін қосымша қосу жұмысын жалғастыруда.

             Осылайша, қазіргі кезде БЖЗҚ қызметтерін "Қазпошта" АҚ-ның 376 бөлімшесінен алуға болады.

             Естеріңізге сала кетейік, "БЖЗҚ" АҚ пен "Қазпошта" АҚ бірлескен жобасының арқасында Ұлттық пошта операторының бөлімшелерінде Қордың салымшылары (алушылары) келесі операцияларды жүргізе алады:

          * салымшының (алушының) қосымша деректемелерін (жеке куәлігінің деректемелері, телефон нөмірі, электрондық және пошталық мекенжайы) өзгерту (толықтыру) туралы өтініш беру);

          *  хабарлау тәсілін өзгерту (белгілеу) туралы келісімге қол қою (оның ішінде "БЖЗҚ" АҚ қызметтеріне электрондық форматта қол жеткізу үшін).

             2022 жылдың І жартыжылдығында Қор салымшылары (алушылары) "Қазпошта" АҚ бөлімшелерінен 6,5 мыңға жуық қызмет алды. БЖЗҚ қызметтерінің Қазпошта бөлімшелерінде барынша жоғары сұранысқа ие болуы Қызылорда, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында байқалуда.

             Қосымша деректемелер мен хабарлау тәсілін өзгерту бойынша БЖЗҚ қызметтерін алуға болатын" Қазпошта " АҚ бөлімшелерінің тізімін Сіз enpf.kz сайтының "Қызметтер" бөлімінде таба аласыз.

            Сонымен қатар, БЖЗҚ қызметтерінің басым бөлігін, мысалы, жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алу, деректемелерді өзгерту және т. б. үйден шықпай-ақ, Қор сайтындағы Жеке кабинет немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасы арқылы онлайн режимінде алуға болатынын хабарлаймыз.

 

 

 

 

 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

Дата публикации
24 августа 2022
Дата обновления
24 августа 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
«БЖЗҚ» АҚ халыққа жыл басынан бері 36 миллионнан астам қызмет көрсетті
Ақпарат
16 октября 2026
ҚР Қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрайымы Елена БАХМУТОВА: «Әрбір салымшы өзінің зейнетақы жинақтарының қандай табыс әкелетінін және зейнетке шыққан сәтте оның шотында қанша жинақ болуы керек екенін білуі қажет. Бұл өмір салтының қалыпты нормасына айналуы тиіс!»
Ақпарат
16 октября 2026
ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы