Меню

Страницы

Статья

ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдайы

 

«БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтында «Статистика және талдау - Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару» бөлімінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) тарапынан зейнетақы активтерін басқару туралы есепті ұсынады.

 

Зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша ҚРҰБ және ИПБ басқаруында 28 081,70 млрд теңге құрады. Осы күнге БЖЗҚ-ның ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы, міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері шамамен 26 786,27 млрд теңге[1] құрады. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтерінің көлемі - 1173,59 млрд теңге.

ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 121,84 млрд теңгені құрады.

 

ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

 

ҚРҰБ БЖЗҚ зейнетақы активтерінің сенімгерлік басқарушысы ретінде теңгерімді инвестициялық саясат жүргізеді: портфельді валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша саралай отырып, әртүрлі қаржы құралдарына инвестициялайды.

ҚРҰБ ұсынған ақпаратқа сәйкес, 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 43,32%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 7,87%, ҚРҰБ депозиттері – 3,71%, Қазақстан Республикасы екінші деңгейлі банктерінің облигациялары – 2,57%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 2,07%, МҚҰ – 0,97%, шет мемлекеттердің МБҚ – 0,41%.

Активтердің 38,37%-ы индекстік басқару шеңберінде инвестицияланады. Мұндай тәсіл инвестордың стратегиялық мүдделерін көрсететін бағалы қағаздар жиынтығы болып табылатын эталондық портфельге бағдарлана отырып, инвестициялық портфельді қалыптастыруды көздейді. Эталондық портфельдің кірістілігі басқару тиімділігін бағалау кезінде өлшем ретінде қызмет етеді. Эталондық портфель ретінде жетекші әлемдік қаржы компаниялары немесе ҚРҰБ әзірлеген және қадағалайтын индекстер пайдаланылады. Активтерді индекстік басқаруды ҚРҰБ дербес, сондай-ақ дамыған және дамушы елдердің облигациялары, корпоративтік облигациялар мен акциялар субпортфельдерін қоса алғанда, жекелеген бағыттар бойынша шетелдік басқарушы компанияларды тарта отырып жүзеге асырады.

МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номинирленген валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша былай көрінеді: ұлттық валютадағы инвестициялар – 59,00%, АҚШ долларында – зейнетақы активтері портфелінің 41,00%.

Инвестициялау нәтижесінде бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі кіріс, оның ішінде орналастырылған салымдар және «кері РЕПО» операциялары бойынша 1 114,54 млрд теңгені, бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер – 91,69 млрд теңгені, сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер, оның ішінде бағамдық қайта бағалауды ескере отырып - 127,62 млрд теңгені, өзге де кірістер – 3,33 млрд теңгені құрады.

Сыртқы басқарудағы активтерді қоспағанда, шетел валютасын нарықтық қайта бағалау теріс мәнге ие болды.

2025 жылғы шілдеден 2026 жылғы маусымға дейінгі соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кірістің мөлшері шамамен 2,51 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік 10,29% болды.

 

ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 88,17%, ҚРҰБ депозиттері – 8,74%, РЕПО операциялары – 3,08%, инвестициялық шоттардағы ақша қаражаты - 0,01%.

ЖМЗЖ есебінен инвестициялық портфель тек ұлттық валютада номинирленген қаржы құралдарын қамтиды. Бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі кіріс, оның ішінде орналастырылған салымдар және «кері РЕПО» операциялары бойынша 69,44 млрд теңгені құрады. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау салымшыларға 1,69 млрд теңге әкелді.

2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 122,77 млрд теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік 16,84% болды.

ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ ресми сайтында орналастырылған. Сондай-ақ enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылған.

Инвестициялық портфельді басқарушылар

 

ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 121,84 млрд теңгені құрайды.

            2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша «Alatau City Invest» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 19,32 млрд теңгені құрады.

            Компанияның негізгі инвестициялары: Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 31,79%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 14,57%, ҚР екінші деңгейлі банктерінің облигациялары – 10,80%, шет мемлекеттердің МБҚ – 9,42%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 8,19%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 6,24%, РЕПО – 4,99%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 4,28%, МҚҰ – 2,94%.

Айта кетейік, портфельдің 44,66%-ы теңгемен, 54,48%-ы АҚШ долларымен, 0,86%-ы басқа валюталармен ұсынылған.

2025 жылғы шілдеден 2026 жылғы маусымға дейінгі соңғы 12 айдағы зейнетақы активтерінің кірістілігі 13,88% құрады.

«Alatau City Invest» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

 

01.07.2026 ж. жағдай бойынша «BCC Invest» АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 15,53 млрд теңгені құрады.

Инвестициялардың негізгі бағыттары: ҚР ҚМ МБҚ – 28,58%, ҚР ЕДБ облигациялары – 20,35%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 15,72%, Қазақстан Республикасының ұйымдары шығарған акциялар мен депозитарлық қолхаттар – 9,00%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 8,12%, активтерінің құрылымы MSCI ACWI Index индексі компоненттерінің құрылымын қайталайтын Exchange Traded Funds пайлары – 5,55%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 5,42%.

Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 67,76%-ын, АҚШ долларында – 32,24%-ын құрады.

Зейнетақы активтерінің жыл басынан бергі кірістілігі 5,98%, 2025 жылғы шілдеден 2026 жылғы маусымға дейінгі соңғы 12 айда 11,41% құрады.

«BCC Invest» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

 

01.07.2026 ж. жағдай бойынша «Halyk <

Дата публикации
26 августа 2026
Дата обновления
26 августа 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
«БЖЗҚ» АҚ халыққа жыл басынан бері 36 миллионнан астам қызмет көрсетті
Ақпарат
16 октября 2026
ҚР Қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрайымы Елена БАХМУТОВА: «Әрбір салымшы өзінің зейнетақы жинақтарының қандай табыс әкелетінін және зейнетке шыққан сәтте оның шотында қанша жинақ болуы керек екенін білуі қажет. Бұл өмір салтының қалыпты нормасына айналуы тиіс!»
Ақпарат
16 октября 2026
ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы