Меню

Страницы

Статья

Об изменении подхода к осуществлению государственной гарантии сохранности пенсионных накоплений

Зейнетақы төлемдерін алушылардың міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының сақталуы бөлігінде мемлекеттік кепілдіктің күшін жоюға қатысты келіп түскен сұрақтарға байланысты БЖЗҚ жинақталған инфляция деңгейін ескере отырып, мынаны түсіндіреді.

 

Мемлекет кепілдік береді және реттейді.

ҚР Әлеуметтік кодексінің 217-бабында 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап «Мемлекет зейнетақы төлемдерін алушыларға бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мөлшерінде сақталуына кепілдік береді» деп көзделген.

Мемлекет тарапынан зейнетақы активтерінің сақталу кепілдігі БЖЗҚ және жеке инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) қызметін реттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне (ҚРҰБ) де, ИПБ-ға да инвестициялық қызметке қойылатын талаптарды, зейнетақы активтерін орналастыру кезінде әртараптандыру және тәуекелдерді төмендету жөніндегі талаптарды және басқа да реттеуші нормаларды белгілеу арқылы қамтамасыз етіледі.

ҚРҰБ зейнетақы жинақтарының сақталуын және ұзақ мерзімді нақты кірістілік алуды қамтамасыз етуге бағытталған мақсаттарды ұстана отырып, зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асырады.

ИПБ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқарғаны үшін заңнамалық тұрғыдан белгіленген жауапкершілікте болады және ИПБ алған номиналды кірістілік пен реттеушінің талабына сәйкес есептелген кірістіліктің ең төменгі мәні арасындағы теріс айырма болған жағдайда, теріс айырманы ИПБ-ның меншікті капиталы есебінен өтейді.

 

Мемлекет көп деңгейлі бақылауды қамтамасыз етеді.

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жүйесі көп деңгейлі мемлекеттік бақылауда қалады.

- Мемлекет басшысы басқаратын Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңес (ҰҚБК) зейнетақы активтерін басқару бөлігінде - инвестициялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындайды, басқару тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды қарайды, БЖЗҚ қызметі туралы жыл сайынғы есептерді қарайды.

- Үкімет ҚРҰБ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекітеді.

-  ҚРҰБ зейнетақы жинақтарының сақталуын және ұзақ мерзімді нақты кірістілік алуды қамтамасыз ету мақсатында БЖЗҚ-ның инвестициялық декларациясын әзірлейді және бекітеді, зейнетақы активтерін басқаруды жүзеге асырады.

Бұл ретте ҚР Әлеуметтік кодексінде халықаралық тәжірибеде қабылданғандай, әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіндегі мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың ынтымақтастық және ұжымдық жауапкершілік қағидаты көзделген.

 

Салымшылардың зейнетақы активтерін басқаруға қатысуы.

ҚР Әлеуметтік кодексінің 40-бабы салымшыларға өздерінің зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына беру және/немесе оларды ҚРҰБ басқаруында сақтау бойынша өз бетінше шешім қабылдау құқығын берді.

2026 жылғы қыркүйекте сондай-ақ салымшылардың инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейтуді көздейтін заңнамалық өзгерістер күшіне енеді. Егер қазір салымшылар міндетті және міндетті кәсіптік жинақтардың 50%-на дейінін және ерікті жинақтардың 100%-на дейінін ИПБ басқаруына бере алса, күзден бастап олар ИПБ басқаруына ерікті зейнетақы жинақтарын да, міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптасқан жинақтарды да толық көлемде бере алады.

Салымшы бір немесе бірнеше ИПБ-ны, сондай-ақ тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілік және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін, ИПБ ұсынатын зейнетақы активтерін басқаруға арналған инвестициялық стратегиялар болып табылатын әртүрлі инвестициялық портфельдерді өз бетінше таңдауға құқылы.

ИПБ-ның инвестициялық басқару тиімділігін бағалау үшін MSCI және Bloomberg сияқты жетекші әлемдік қаржы компаниялары қадағалайтын композиттік индекстер (бенчмарк), сондай-ақ «Қазақстан қор биржасы» АҚ индекстері қолданылады. ИПБ инвестициялық кірістіліктің белгіленген деңгейіне кепілдік береді, және егер кірістілік нарықтық бенчмарктен төмен болып шықса, ИПБ айырманы меншікті капиталы есебінен өтеуге міндетті.

Осылайша, салымшылар зейнетақы активтерін басқарушы әртүрлі инвестициялық басқарушыларды және өздерінің зейнетақы жинақтары бойынша әртүрлі инвестициялық стратегияларды (портфельдерді) өз бетінше таңдауға құқылы. Зейнетақы активтерін басқарудың нарықтық тәсілдері жағдайында инфляция деңгейіндегі мемлекеттік кепілдіктің құқықтық және экономикалық логикасы өз мәнін жоғалтады.

 

Зейнетақы активтерін басқарудың ашықтығын қамтамасыз ету.

Зейнетақы нарығындағы бірыңғай инфрақұрылымдық институт БЖЗҚ болып табылады, оның акцияларының 100%-ы үкіметке тиесілі. Салымшылардың өз жинақтарын ИПБ басқаруына беру құқығын іске асыруымен БЖЗҚ-ның институционалдық міндеті артты. БЖЗҚ – барлық салымшылар үшін ортақ есепке алу және ақпараттық орталық, активтерді кім басқаратынына қарамастан (ҚРҰБ және/немесе салымшының таңдауы бойынша ИПБ) олардың жеке зейнетақы шоттарының операторы.

БЖЗҚ азаматтардың жинақтары туралы ақпаратты «24/7» режиміндегі үзінді көшірмелерде толық көрсете отырып, зейнетақы активтерін басқарумен байланысты қолжетімді қызметтер мен сервистерді қамтамасыз етеді. Бұдан басқа, салымшылар үшін БЖЗҚ барлық басқарушылардың (ҚРҰБ және ИПБ) активтерді басқару нәтижелерін салыстыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс ретінде интернет-платформаны (invest.enpf.kz) іске қосты. Invest.enpf.kz кірістілік туралы ақпаратқа қол жеткізуді ұсынады, берілген кезеңдер ауқымы бойынша активтерді басқарушылар және олардың портфельдері бойынша деректерді динамикада салыстыруға мүмкіндік береді.

 

Осылайша, жинақтаушы зейнетақы жүйесі және жалпы қазақстандықтарды зейнетақымен қамсыздандыру мемлекеттің реттеуінде, бақылауында және жауапкершілігінде қалады. Бұл ретте халықаралық тәжірибеге сәйкес зейнетақы жинақтарын қалыптастыруда басқа қатысушылардың – қызметкер мен жұмыс берушінің маңызы артады.

 

Анықтама үшін. Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесі өзінің 28 жылдық өмір сүру кезеңінде тұрақтылығы мен орнықтылығын көрсетті. Зейнетақы активтері шамамен 28 трлн теңгені құрайды. БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерінің көлемі үнемі ұлғаюда: егер 2024 жылы ол 1 трлн теңгеден асса, 2025 жылы – 1,5 трлн теңге, 2026 жылдың 5 айында зейнетақы төлемдері шамамен 917 млрд теңгені құрады.

Жинақтардың жалпы көлеміндегі инвестициялық кірістің үлесі 40%-дан асады. Ұзақ мерзімді кезеңде инвестициялық кірістілік жинақталған инфляциядан едәуір асып түседі. 1998 жылы жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған сәттен бастап 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша өспелі жиынтықпен кірістілік 1 095,39% құрады, бүкіл кезеңдегі инфляция 986,70% болды.

Дата публикации
26 августа 2026
Дата обновления
26 августа 2026
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
«БЖЗҚ» АҚ халыққа жыл басынан бері 36 миллионнан астам қызмет көрсетті
Ақпарат
16 октября 2026
ҚР Қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрайымы Елена БАХМУТОВА: «Әрбір салымшы өзінің зейнетақы жинақтарының қандай табыс әкелетінін және зейнетке шыққан сәтте оның шотында қанша жинақ болуы керек екенін білуі қажет. Бұл өмір салтының қалыпты нормасына айналуы тиіс!»
Ақпарат
16 октября 2026
ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы