Меню

Страницы

Статья

БЖЗҚ-ның халыққа жыл басынан бері көрсеткен қызметтерінің 98%-дан астамы цифрлық форматта жүргізілді

           БЖЗҚ — бұл Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің бірыңғай операторы, ол зейнетақы жинақтарының сенімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді. Оның негізгі міндеті — азаматтардың зейнетақы жинақтарын шоғырландыру және болашақта олардың төлемдерін қамтамасыз ету. Қор ұсынатын сервистер азаматтарға лайықты зейнетақы үшін қажетті соманы жинақтап қана қоймай, өз болашағын қаржылық жоспарлауға белсенді қатысуға көмектеседі. БЖЗҚ өз қызметінде қазақстандықтарға цифрлық форматта түрлі қызметтер ұсынады және клиенттердің қажеттіліктеріне бейімделе отырып, оларды дамытуды жалғастыруда. Қордың сайтында және мобильді қосымшасында 24/7 режимінде көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі салымшылардың қызығушылығының артуының маңызды шарты болып табылады.

         01.01.2026 ж. бастап 30.06.2026 ж. дейінгі кезеңде Қор халыққа 28,4 млн қызмет көрсетті. Олардың жалпы санының 17,4 млн-ы электронды форматта, 10,4 млн-ы автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, автоматты, электронды және қашықтан форматтағы қызметтердің үлесі жалпы санның 98,6% құрады. Көзбе-көз форматта 384,7 мың қызмет көрсетілді, оның ішінде тікелей Қор кеңселерінде 374,5 мың.

           Естеріңізге сала кетейік, БЖЗҚ-да барлық зейнетақы шоттары алғашқы жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 18 жасқа толмаған азаматтарына нысаналы талаптар автоматты түрде есептеледі және «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы аясында нысаналы жинақтарды есепке алу және төлеу үшін кәмелетке толған нысаналы жинақ алушыларға нысаналы жинақтаушы шоттар (НЖШ) ашылады.

         Есепті кезеңде барлық жеке зейнетақы жарналарының түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ), сондай-ақ жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен аударған міндетті зейнетақы жарналарын (ЖМЗЖ) есепке алуға арналған шартты зейнетақы шоттарының (ШЗШ) және «Ұлттық қор-балаларға» бағдарламасы аясында нысаналы жинақтарды есепке алу және төлеу үшін ашылатын нысаналы жинақтаушы шоттардың (НЖШ) жалпы саны 1,0 млн бірліктен асты.

          Бұрынғыдай ең танымал қызмет — ЖЗШ, ШЗШ және НЖШ-тан үзінді көшірме алу. Жыл басынан бері шоттардың барлық түрлері бойынша 18,1 млн үзінді көшірме берілді, оның 16,1 млн-ы электронды түрде және 1,7 млн үзінді көшірме автоматты режимде. БЖЗҚ жеке кабинет арқылы шоттардың жай-күйі туралы ақпарат алу — бұл өз зейнетақы жинақтарын бақылаудың ең ыңғайлы, сенімді және жедел тәсілі екенін еске салады. Сервис тәулік бойы (24/7) онлайн режимінде жұмыс істейді, бұл кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен өзекті ақпарат алуға мүмкіндік береді. Шоттардың жай-күйі туралы ақпарат БЖЗҚ мобильді қосымшасы мен БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинет арқылы ғана емес, сонымен қатар egov.kz порталы немесе электронды үкіметтің мобильді қосымшасы арқылы да қолжетімді. Бұл мемлекеттік қызметтермен бірыңғай платформалар арқылы өзара әрекеттесуді қалайтын пайдаланушылар үшін қосымша ыңғайлылық береді. БЖЗҚ 2025 жылдан бастап пошта арқылы жыл сайынғы автоматты түрде үзінді көшірме жіберу тоқтатылғанын атап өтеді. Сонымен қатар, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты пошта арқылы алу БЖЗҚ мекенжайына тиісті сұрау салу жіберу арқылы бұрынғыдай мүмкін.

             Сайттағы жеке кабинетте және мобильді қосымшада үзінді көшірме алудан басқа, салымшылар (алушылар) өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шоттардың бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2-топ мүгедектігі мерзімсіз белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары есебінен елу жасқа толуына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлемге өтініштің мәртебесін қадағалау, зейнетақы жинақтарының бір бөлігін инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтерді пайдалану мүмкіндігіне ие. Өткен кезеңде салымшылардан зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына аударуға 54,0 мың өтініш қабылданды, олардың басым бөлігі – электронды форматта.

           БЖЗҚ азаматтардың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасы инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) туралы барлық негізгі ақпаратты бір цифрлық кеңістікте біріктіретінін және инвестициялық қызмет туралы деректерді ұсынуға жүйелі көзқарасты қамтамасыз ететінін еске салады. invest.enpf.kz порталында қазақ және орыс тілдерінде пайдаланушыларға зейнетақы жинақтарының жүйесі, бағалы қағаздар, инвестициялау стратегиялары (критерийлері), базалық ұғымдар, зейнетақы активтерін орналастыру құрылымы, сондай-ақ әрбір ИПБ-ның қаржылық көрсеткіштері, ИПБ-ның реттеуші талаптарды сақтауы туралы деректер және салымшыларға ИПБ және оның инвестициялық қызметі туралы өз портретін жасауға мүмкіндік беретін өзге де мәліметтер қолжетімді.

            Есепті кезеңде деректемелерді өзгертуге 56,9 мың өтініш қабылданды, оның 53,4 мыңы – Қор кеңселерінде.

           БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түріне жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыру бойынша қосымша кеңестер мен кеңестер алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 29,6 мың көшпелі презентация өткізіліп, оған 589,3 мың адам қатысты. БЖЗҚ хабарламалары бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдар саны 20,2 мыңды құрады.

            Кері байланыс арналары (Call-орталық, веб-сайт арқылы кеңес беру, мессенджерлер, әлеуметтік желілер және басқа байланыс арналары) бойынша салымшылар мен алушылардан түскен өтініштер саны 226,5 мыңды құрады.

            Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания кеңсеге көшпелі түрде жинақтаушы зейнетақы жүйесі мәселелері бойынша презентация және кеңес беру өткізуге өтінім бере алады, ол үшін 1418 нөмірі бойынша call-орталыққа қоңырау шалу немесе Қордың сайты немесе мобильді қосымшасы арқылы жүгіну жеткілікті.

             БЖЗҚ-ның консультациялық қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber-дегі чат-бот), 1418 нөмірі бойынша call-орталық (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайты, сондай-ақ БЖЗҚ-ның Instagram, Facebook, ВКонтакте, Telegram, Одноклассники әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшалары арқылы алуға болады.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «МЗҚ «МЗҚ» АҚ базасында құрылды. БЖЗҚ-ның құрылтайшысы және акционері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдендірілген депозит бойынша талап етілмеген кепілдік өтемақы сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуды және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтарды (НЖ) нысаналы

Дата публикации
26 августа 2026
Дата обновления
26 августа 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
16 октября 2026
«БЖЗҚ» АҚ халыққа жыл басынан бері 36 миллионнан астам қызмет көрсетті
Ақпарат
16 октября 2026
ҚР Қаржыгерлер қауымдастығы кеңесінің төрайымы Елена БАХМУТОВА: «Әрбір салымшы өзінің зейнетақы жинақтарының қандай табыс әкелетінін және зейнетке шыққан сәтте оның шотында қанша жинақ болуы керек екенін білуі қажет. Бұл өмір салтының қалыпты нормасына айналуы тиіс!»
Ақпарат
16 октября 2026
ҚРҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельдердің 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдайы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы