2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 01.04.2014 жылдан бастап (зейнетақы активтері БЖЗҚ-ға біріктірілгеннен кейін) ҚРҰБ тапқан жинақталған таза инвестициялық кіріс 11,15 трлн теңгеден асты. Жүргізілген төлемдерді ескере отырып, оның салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтарының жалпы көлеміндегі үлесі 41,4% құрайды, бұл инвестициялық кірістің азаматтардың зейнетақы жинақтарын ұлғайтуға қосқан елеулі үлесін растайды.
Соңғы 12 айдағы инвестициялық қызмет нәтижелерін қарастыратын болсақ, міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтерін ҚРҰБ басқару қорытындысы бойынша 2025 жылғы шілдеден 2026 жылғы маусымға дейінгі соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс мөлшері шамамен 2,51 трлн теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік 10,29% болды.
Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша соңғы 12 айда есептелген инвестициялық кіріс 122,77 млрд теңгені құрады, осы кезеңдегі кірістілік 16,84% болды.
Зейнетақы активтерінің жекелеген қысқа мерзімді кезеңдердегі кірістілігі оларды басқару тиімділігінің көрсеткіші болып табылмайтынын атап өткен жөн, өйткені қысқа уақыт аралығында есептелген қаржы құралдары мен басқа да операциялар бойынша сыйақы түріндегі кірістер осы кезеңдегі бағалы қағаздар құны мен валюта бағамдарының ауытқуларын әрдайым жаба бермейді. Сондықтан инвестициялық кіріс мөлшеріне объективті талдауды неғұрлым ұзақ уақыт кезеңі бойынша жүргізген орынды.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылған 1998 жылдан бастап 2026 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жинақталған инвестициялық кірістілік өспелі қорытындымен 1 109,05% құрады, бүкіл кезеңдегі инфляция 995,04% болды.
Салымшылар зейнетақы активтерінің бір бөлігін (қазіргі уақытта МЗЖ, МКЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының 50%-на дейін және ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін) реттеушінің талаптарына сәйкес келетін жеке басқарушы инвестициялық портфельге (ЖБИП) басқаруға беруге құқылы екенін еске саламыз.
Бұл ретте салымшылар ЖБИП жұмыс істейтін үш инвестициялық портфельдің бірін таңдай алады:
Инвестициялық басқарудың және зейнетақы активтерін есепке алудың бүкіл жүйесі ашық: әрбір салымшы өзінің инвестициялық кірісін enpf.kz сайтындағы жеке кабинетінде немесе мобильді қосымшада көру мүмкіндігіне ие.
БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқару және БЖЗҚ зейнетақы активтері орналастырылған қаржы құралдары туралы, сондай-ақ инвестициялау нәтижелері туралы ақпарат БЖЗҚ ресми сайтында (www.enpf.kz) «Статистика және талдау/Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару» бөлімінде, invest.enpf.kz порталында және Қордың ақпараттық материалдарында жарияланады.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «МЗҚ «МЖЗҚ» АҚ базасында құрылды. БЖЗҚ-ның құрылтайшысы және акционері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылады. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдендірілген депозит бойынша талап етілмеген кепілдік өтемақы сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алуды және аударуды, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтарды (НЖ) нысаналы жинақ шоттарына есепке алуды және аударуды, НЖ-ны оларды алушыға банктік шоттарға төлеуді, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады. (Толығырақ www.enpf.kz сайтында).